Share

Біздің мақсатымыз – ұзақ мерзімді энергетикалық тұрақтылықты қолдау

Біздің мақсатымыз – ұзақ мерзімді энергетикалық тұрақтылықты қолдау

  • 21.06.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Біздің мақсатымыз – ұзақ мерзімді энергетикалық тұрақтылықты қолдау

Бұл туралы бүгін ҚМГ Инжиниринг (ҚМГИ) базасында өз жұмысын бастаған сутегі энергетикасы жөніндегі халықаралық семинарда сөйлеген сөзінде ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының директоры Рахым Өтеев мәлімдеді. Іс-шараны ҚМГИ баламалы энергетика департаменті ұйымдастырды және оған ҚазМұнайГаз-дың бірқатар ЕТҰ қызметкерлері қатысты.

Бірінші кезекте, спикер сутегі энергетикасы саласындағы озық технологиялар, жоспарланған және іске асырылған жобалар туралы ақпаратпен, біліммен бөлісу мақсатында іс-шараға қатысуға келіскені үшін Жапония, Франция, Нидерланды, Германия және т. б. елдерден келген делегаттарға алғысын білдірді.

– Әсіресе энергетикалық алмасу мақсатында отын-энергетикалық кешенді дамыту тұжырымдамасын қайта қарау тұрғысынан бүгінгі мәселе өте өзекті. Болашақта бүкіл әлемде отын-энергетикалық қоржынындағы көміртегі шикізатының 2060 жылға қарай 99% – дан 29% – ға дейін қысқаруы болжанады, оның ішінде мұнай тұтыну үлесі 24% – дан 15% – ға дейін қысқарады, бұл ЖЭК және басқа да энергия көздері үлесінің ұлғаюына айтарлықтай әсер етеді. Энергияның баламалы көздерінің бірі сутегі болып  табылатыны белгілі. Бұл әмбебап энергия тасымалдаушы таза жану өнімінің (судың) арқасында ерекше қызығушылық тудырып отыр.

Өз сөзінде Р.Өтеев сутегі энергетикалық жүйесін енгізу ұзақ мерзімді энергетикалық және экологиялық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Халықаралық энергетикалық агенттігінің мәліметі бойынша 2020-2050 жылдар аралығында әртүрлі салаларда сутегіге күтілетін әлемдік сұраныс 100-ден 300 Мт-ға дейін өседі.

Төмен көміртекті сутегі Үкіметтің атмосфералық шығарындыларды азайту жоспарларының негізгі құрамдас бөлігі ретінде саяси және іскерлік қолдау алады.

– Сутегі энергетикасын дамыту ҚМГ ұлттық компаниясының басым бағыттарының бірі болып табылатындығының бір себбебі және 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚМГ Инжиниринг базасында сутегі технологияларын зерттеу зертханасы және сутегі энергетикасы бойынша Компетенция орталығы құрылды және табысты жұмыс істейді, ол бүгінгі күні баламалы энергетика департаментіне айналды, – деп хабарлады филиал басшысы.

Оның пікірінше, бұл қадам «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төмен көміртекті дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асырудың бір бөлігі.

-Біздің алдымызда маңызды міндет тұр – Қазақстанда зерттеу хабының серпінді дамуын қамтамасыз ету, оның негізінде экологиялық отын іздестіру және төмен көміртекті энергетикамен, оның ішінде сутегі және ЖЭК-пен байланысты технологияларды енгізу жалғасады, – деді ҚМГ Инжиниринг өкілі болашаққа арналған жұмыс жоспарларымен бөлісу барысында.

Бөлісу бағытындағы: