Share

ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметі өкілдерінің қатысуымен кезекті оқыту семинары өтті

ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметі өкілдерінің қатысуымен кезекті оқыту семинары өтті

  • 04.06.2026
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметі өкілдерінің қатысуымен кезекті оқыту семинары өтті

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес 2026 жылғы 3 маусымда келесі тақырыптар бойынша семинар өткізілді:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы»;

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында үшінші тұлғаларға комплаенс-тексеру жүргізу қағидалары».

Семинарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметінің өкілдері Мурзалинов М.К. және Бакеев Б.У. шақырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбы аясында Мурзалинов М.К. қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғаларға қатысты талаптар мен соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес қолданылатын шектеулер туралы ақпарат берді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да үшінші тұлғаларға комплаенс-тексеру жүргізу қағидалары» тақырыбы бойынша Бакеев Б.У. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне комплаенс-тексерудің негізгі талаптарын таныстырып, контрагенттер мен кандидаттарға сапалы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ олармен шарттық қатынастар орнату кезінде назар аударылуы тиіс негізгі мәселелер туралы баяндады.

Семинар соңында қызметкерлер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты нығайтуға бағытталған осындай іс-шаралар тұрақты негізде жалғастырылатын болады деп белгіленді.

Бөлісу бағытындағы: