Мансап

Мансап

01

Мансап

“ҚМГ Инжиниринг” ЖШС негізгі құндылығы – бұл персонал. Біз нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысты, инновацияны, өзін-өзі дамытуды және командада жұмыс істеуді бағалаймыз.

“ҚМГ Инжиниринг” ЖШС-де іріктеудің үш деңгейлі жүйесі бар, оған мыналар кіреді:

  • Түйіндемені бағалау
  • Кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерді бағалау
  • Жетекшілік ететін басшылармен панельдік сұхбат
02

Қызметкерлердің құрылымы

“ҚМГ Инжиниринг” ЖШС-дағы қызметкерлер саны

0
2014 жыл

0
2015 жыл

0
2016 жыл

0
2017 жыл

0
2018 жыл

0
2019 жыл

03

Кадрлық саясат

Кадр саясаты айқындық, заңдылық және ашықтық, кешенділік және жүйелілік қағидаттарына негізделеді және ішкі және сыртқы оқыту жүйесі арқылы персоналдың сапасын арттыру, ішкі жаттықтырушылар командасын қалыптастыру, нәтижелілікті басқару және персоналды ынталандыру жүйесін жетілдіру, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және дамыту бойынша негізгі түйінді бағыттарды қамтиды.

04

Қызметкерлерді ынталандыру

Материалдық және материалдық емес ынталандыруды біріктіретін персоналды ынталандыру жүйесі білікті персоналды тартуға және ұстап тұруға, қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

“ҚМГ Инжиниринг” ЖШС-де қолданылатын еңбекке ақы төлеу жүйесі біліктілік деңгейі бойынша лауазымдық айлықақы белгілеуді көздейді, сыйлықақы беру тоқсан сайын мақсаттар мен міндеттерді орындау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, еңбек заңнамасы шеңберінде тәлімгерлік, ішкі жаттықтырушылар үшін қосымша төлемдер көзделген, мерекелік күндерге біржолғы сыйлықақылар көзделген.

Инновацияларды ынталандыру және қызмет тиімділігін арттыру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында біржолғы сыйлықақы берілуі мүмкін.

Қосымша материалдық көтермелеу мақсатында қызметкерлерге жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы төленуі мүмкін, ол “ҚазМұнайГаз”ҰК АҚ компаниялар тобындағы жұмыс өтілі бойынша есептеледі.

“ҚМГ Инжиниринг” ЖШС-де материалдық емес ынталандыру жүйесі алғыс хаттармен, грамоталармен, естелік белгілермен, мемлекеттік наградалармен жұмыс істейді.

05

Әлеуметтік саясат адам ресурстарын басқару саясатының ажырамас бөлігі болып табылады және еңбек нарығында бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етуге бағытталған және өтемақы төлемдерін, медициналық сақтандыруды, материалдық көмекті ұсыну, ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау арқылы жүзеге асырылады.

“ҚМГ Инжиниринг” ЖШС-нің 900-ден астам қызметкерінің мүдделерін ұжымның жалпы жиналысында сайланған қызметкерлердің өкілдері білдіреді.

Әлеуметтік саясат

06

Білім

Персоналдың қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру және қолдау мақсатында ҚМГ-ның персоналды басқару қызметінің бірнеше бағыттары іске асырылады

Нажмите кнопку редактирования чтобы изменить этот текст.

Студенттерді даярлау және қызметкерлердің дәрежелілігі бөлігінде жетекші жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау

Нажмите кнопку редактирования чтобы изменить этот текст.

Ішкі жаттықтырушыларды қалыптастыру және дамыту

Нажмите кнопку редактирования чтобы изменить этот текст.

Тәлімгерлік институтын енгізу

Нажмите кнопку редактирования чтобы изменить этот текст.

07

“Үздік мамандық иесі” кәсіби шеберлік байқауы кәсіби шеберлікті жетілдіру, озық тәжірибені анықтау және тарату, қызметкерлердің материалдық емес уәждемесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Алғашқы Байқау 2019 жылы өтті.

Корпоративтік конкурстар және персоналды дамыту жөніндегі іс-шаралар

08

Қызығушылық клубтары

Зияткерлер, шешендер, эрудиттер және жүгіруді ұнататындар үшін “ҚМГ Инжиниринг” ЖШС-де Зияткерлік клуб, SpeechHub, RMGE Run Club, ОқуLand жұмыс істейді. Клубтарға мүшелікке шектеу қойылмайды және бүгінгі күні шамамен 60 қызметкер кіреді.