Share

17 шілдеде ҚМГИ бас кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен кездесу өтті.

17 шілдеде ҚМГИ бас кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен кездесу өтті.

  • 20.07.2026
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on 17 шілдеде ҚМГИ бас кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен кездесу өтті.

17 шілдеде ҚМГИ бас кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаевпен кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Компанияның Бас директоры Рахим Нағанғалиұлы Утеевтің қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Омбудсмен Қазақстан Республикасы Конституциясының адам құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі ережелері туралы айтып, жаңартылған Ата Заңның адамға бағдарланған қағидатқа негізделгенін атап өтті. Аталған қағидатқа сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылады. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейтуге, Конституцияның әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне, сондай-ақ конституциялық нормалардың азаматтардың күнделікті өміріндегі практикалық маңызына ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде Омбудсмен Конституцияға өзгерістер енгізу барысында азаматтар мен сарапшылардан келіп түскен 10 мыңнан астам ұсыныс қаралғанын, ал енгізілген өзгерістер 77 бапты қамтығанын атап өтті. Бұл Ата Заңды жетілдірудің ашық әрі жан-жақты жүргізілгенін көрсетеді.

Кездесу соңында Компания қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды іске асырудың практикалық аспектілерін талқылады.

Бөлісу бағытындағы: