Share

Author: D.Arkharova

ҚМГИ Атыраулық филиал директорының орынбасары тағайындалды

  • 26.04.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ Атыраулық филиал директорының орынбасары тағайындалды

Бұл зертханалық зерттеулер мәселелерін басқаратын Никита Пронин. Никита Алексеевич 2010 жылы Мәскеу қаласындағы Серго Оржоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетін «Мұнай және газ геологы» мамандығы бойынша бітірген. Әріптесіміз ресми қызметке тағайындалғанға дейін керн зерттеулер департаментін басқарды. Атыраулық филиалының құрылымында әртүрлі лауазымдарда 14 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Каспиймұнайгаз ҒЗИ» ЖШС далалық геология бөлімінде техник […]

read more

Компанияның дамуына қосылған ерекші үлес

Компанияның мерейтойын тойлау аясында біз белсенді қызмет еткен жылдар ішінде компанияның дамуына елеулі үлес қосқан ҚМГИ қызметкерлері туралы айтып отырамыз. Сондай қызметкерлердің бірі Күнжарықова Клара Мырзаханқызы. Клара Мырзаханқызы гидродинамикалық модельдеу және мұнай беруді күшейту департаментінің ұңғымаларды кешенді зерттеу қызметінің жетекшісі. Мектепті медальмен, университетті үздік дипломмен бітіріп, ғылыми жолдағы белсенді жұмысын жалғастырды. Алғашқы ғылыми қадамдар профессор, […]

read more

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

  • 15.04.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

Сондай-ақ, соңғы отырыс аясында 2024 жылдың 31 қаңтарынан бастап «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі және төрағасы Хасанов Дәулетжан Кеңесұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Осылайша, қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамына сайланды: –    Сүйінов Нұрсейіт Жомартұлы– БК төрағасы; –    Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы; –    Абылханов Ержан Довулбайұлы; –   […]

read more

ҚМГ Инжиниринг Taldau Talks диалогтық платформасының тұсаукесерінде ұсынылды

  • 12.04.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг Taldau Talks диалогтық платформасының тұсаукесерінде ұсынылды

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Стратегия, тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Бекмағамбетова Гүлжан Жұмабекқызы ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Taldau Talks диалогтық платформасының ашылуына қатысты. Бірінші отырысты ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев ашты, онда ол жаңа платформаның мақсаттары мен міндеттерін айтты. Taldau Talks жаңа платформасының іске қосылуы Сенатта сараптамалық-аналитикалық қоғамдастықты дамыту бойынша […]

read more

Автоматтандырылған қондырғылар су тасқынымен күресуге көмектеседі

Елдегі жаппай су тасқынына байланысты соңғы оқиғаларды ескере отырып, ҚМГ Инжиниринг ҚПО қолдау қызметінің сарапшысы, ғалым, химия ғылымдарының кандидаты, өнертапқыш Ерлан Сүлейменнің полимер қаптама мен толтырушыдан тұратын бөгеттер, қоршаулар салудың жеделдетілген тәсілі тақырыбындағы жұмысы қазіргі таңда өте маңызды болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда су элементіне кедергілер жасау үшін қапшықтарды топырақпен қолмен толтыру қолданылатыны жасырын емес, […]

read more

ҚМГ Инжиниринг қызметкері-ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі

  • 28.03.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкері-ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі

Гүлжан Бекмағамбетова – ҚМГИ стратегия, тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы, конкурстық іріктеуден өтіп, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі болды.Конкурсқа 430-дан астам кандидат, оның ішінде ҚМГ компаниялар тобының өкілдері қатысты.Курс 7 негізгі модульді қамтыды. Қатысушылар аналитикалық қызметтің негізгі тәсілдерімен танысты, тәжірибелі әріптестерінен құнды кеңестер алды және кәсіби байланыстарды нығайтты. Лекторлар […]

read more

ҚМГИ ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобына ұсынылды

  • 28.03.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобына ұсынылды

Гүлжан Бекмағамбетова – ҚМГИ стратегия, тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Т.Г. Сериковтің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Қазіргі уақытта жұмыс тобы «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша […]

read more

ҚМГ Инжиниринг БҰҰ Ассамблеясының сессиясында ұсынылды

2024 жылдың 11 наурызы мен 16 наурызы аралығында Ірі жобалар департаментінің сарапшысы Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Ассамблеясының сессиясына Servas International халықаралық ұйымының ұлттық хатшыларының басқа 20 қатысушысымен бірге қатысты. Оның сапарының алдында 150 ел арасында эссе жазуды қамтитын конкурстық іріктеу өтті. Сүлеймен Еран 2015 жылдан бастап белсенді мүше, ал […]

read more

ҚМГ Инжиниринг Бас кеңсесінде нәзік жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады

  • 07.03.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг Бас кеңсесінде нәзік жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай компанияның орталық аппаратында ҚМГИ бас директоры мен бас директордың орынбасарларының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті. Бас директор Рахым Өтеев компания қызметкерлеріне құттықтау сөз сөйледі: Қымбатты әріптестер! Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бүгінгі таңда біздің компаниямызда 391 нәзік жанды қыз-келіншек жұмыс істейді, бұл барлық қызметкерлердің жалпы санынның шамамен 42% құрайды. […]

read more

ҚМГ Инжинирингті дамыту игілігі үшін алған білімдерін іске асыру

  • 29.02.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжинирингті дамыту игілігі үшін алған білімдерін іске асыру

2024 жылы ҚМГИ қабаттың гидравликалық жарылу қызметінің сарапшысы Оксана Белоножкина конкурста жеңіске жетіп, «Серго Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінің» (МГБИ) В.М.Швец атындағы Гидрогеология кафедрасының «Гидрогеология және инженерлік геологиядағы заманауи технологиялар» біліктілікті арттырудың қосымша бағдарламасы бойынша оқуға квота алды. Конкурс шарттары бойынша оқыту ұйымдастырушының есебінен жүргізілді. Біліктілікті арттыру аясында Оксана Белоножкина жер асты суларын […]

read more
1 2 3 4