Share

Қазақстанның энергетика вице-министрі ҚМГ Инжиниринг зертханалық кешеніне барды

Қазақстанның энергетика вице-министрі ҚМГ Инжиниринг зертханалық кешеніне барды

  • 03.07.2023
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on Қазақстанның энергетика вице-министрі ҚМГ Инжиниринг зертханалық кешеніне барды

2023 жылдың 1 шілдесінде ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың Атырау облысына жұмыс сапары өтті.



Өңір бойынша жұмыс сапары барысында Асхат Хасенов «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС зертханалық кешеніне барып, керн және флюидтерді зерттеу зертханасының, кәсіпшілік химияның, геохимиялық зертхананың және сутегі энергетикасының қызметімен танысты.

Сутегі энергетикасы зертханасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында жұмыс істейді және қазіргі уақытта оның базасында іргелі зерттеулер іске асырылуда. Сапар барысында вице-министр мұнай және газ кен орындарына кешенді зерттеу жүргізудің маңыздылығын, кен орындарының генезисін зерделеу қажеттілігін және баламалы энергия көздерін дамытуды атап өтті.

Бұдан басқа, ведомство өкілі «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-да болып, онда полипропилен өндіру зауытын («KPI» ЖШС) жоспарлы тоқтату жөндеу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен, сондай-ақ экономикалық аймақтың болашақ жобалары үшін қолданыстағы және жоспарланып отырған инфрақұрылым нысандарымен және «GPC Investment» ЖШС компаниясы іске асыратын қуаты 1,15 млрд. текше метр газ, газ өңдеу зауытын салу жобасымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер белгіленіп, одан әрі бірінші кезектегі әрекеттер айқындалды.

Бөлісу бағытындағы: