ҚМГ Инжинирингтің баламалы энергетика департаментінің қызметкерлері Сербия ғылыми-зерттеу институтымен кездесті
- 19.06.2023
- News-Kk
- Коммент өшірілген on ҚМГ Инжинирингтің баламалы энергетика департаментінің қызметкерлері Сербия ғылыми-зерттеу институтымен кездесті
- D.Arkharova
Сербияның 2021 жылы қол қойылған Хартиясының «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында «Vinća» институтымен ынтымақтастық нығайту мақсатында өткізілді.
Аталған институт Оңтүстік Шығыс Еуропада өз саласындағы ең ipi және ең көне институттардың бірі болып табылады жане Белград университетінің құрамына кіреді. «Vinća» институты 1948 жылы физика, химия және биoлoгия бойынша іргелі жаратылыстану ғылымдарының ең замануи бағыттарын зерттеу жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы ретінде құрылды. Құрылғаннан кейін институткқа 1968 жылы аяқталған Мемлекеттік ядролық зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыру міндеті жүктелді. Институт аралас (тек ядролық емес) тұжырымдама бойынша зерттеулерді жалғастырды. Бүгінгі таңда «Vinća» – көптеген ғылыми және техникалық-технологиялық пәндерді қамтитын көпсалалы ғылыми институт.
Институт қызметінің бейіні теориялық жане ядролық физика, химия, радиобиология жане молекулалық генетика, биоинформатика және басқа да салалардағы зерттеулер мен әзірлемелер болып табылады.
Осыған байланысты институттың ең перспективалы бөлімшелерініц бірі «Сутегі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы озық тәжірибе орталығы» (сутегін өндіруге және сақтауға зертханасы бар) болып табылады.
Кездесу барасында аталған Орталықтың басшысы профессор Ясмина Грбович-Новакович тиісті саладағы зерттеумен айналысатын баламалы энергетика департаментімен ынтымақтастық жасасуға қызығушылық танытты. Профессор Никола Новакович институт жұмысымен таныстырып өтті. Өзара әрекеттесудің мүмкін форматтары ретінде бірлескен әзірлемелерді, тәжірибе алмасуды жане т.б. қарастыру ұсынылды. Алдағы уақытта «Vinća» институты мен КМГ Инжиниринг арасында меморандум жасалмақ.
Сонымен қатар Сербия қонақтарына Қазақстан мәдениетін таныстыру мақсатында Ұлттық мұражайға эксурсия жасалды.