Share

ҚМГ компаниялар тобы бойынша ТӨС жүйесін енгізу-жауапты кураторлар тағайындалды

ҚМГ компаниялар тобы бойынша ТӨС жүйесін енгізу-жауапты кураторлар тағайындалды

  • 13.06.2023
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ компаниялар тобы бойынша ТӨС жүйесін енгізу-жауапты кураторлар тағайындалды

Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және «Өріктау Оперейтинг» ЖШС бірқатар еншілес компанияларының мамандарына арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүйесін пайдалану бойынша оқу жүргізілді.

Оқыту семинарының ұйымдастырушысы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас кеңсесінің Технологиялық процестерді талдамалық зерттеу қызметі болды.

– Оқу қорытындысы бойынша біз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіруші ұйымдарының негізгі пайдаланушылары мен кураторларын анықтадық, жаңа техника мен технологиялардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін болашақта «ТӨС орталығы жүйесі» интернет порталының жұмыс алгоритмі жүйеде клиенттерді тіркеу басталған сәттен бастап ҚМГ ЕТҰ-да ұсынылатын инновациялық технологияны пайдаланудың орындылығы туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін жүргізілетін ТӨС-ды бақылау, есепке алу және мониторинг процесін объективті жүзеге асыруға мүмкіндік береді – деп ҚМГИ Инжинирингтік сүйемелдеу департаментінің жетекші инженері Айдос Айтпембетов баяндайды.

Қазіргі уақытта компания бір терезе қағидаты бойынша цифрлық форматта жұмыс істейтін және ұсынылатын технологиялық шешімдер бойынша материалдарды шоғырландыруға, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай-газ өндіру активтеріндегі инновациялық технологияларды енгізу процесін жеделдетуге,  және де ақпаратты бірыңғай дерекқорда сақтауға мүмкіндік беретін ТӨС (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар), жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтарды өткізуге өтінімдерді қабылдау бойынша «ТӨС орталығы жүйесі» интернет порталын әзірлеуді аяқтағанын атап өтеміз.

Жобаны әзірлеушілер атап өткендей, жаңа алаңның қызмет принципі мен функционалы жақын арада ТӨС ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық мүдделі тараптар арасында тиімді байланыс арнасына айналуға мүмкіндік береді.

Бөлісу бағытындағы: