Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

  • 15.04.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

Сондай-ақ, соңғы отырыс аясында 2024 жылдың 31 қаңтарынан бастап «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі және төрағасы Хасанов Дәулетжан Кеңесұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Осылайша, қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамына сайланды:

–    Сүйінов Нұрсейіт Жомартұлы– БК төрағасы;

–    Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы;

–    Абылханов Ержан Довулбайұлы;

–    Есбергенова Айгуль Сагнайқызы;

–    Абенов Қайрат Жаншайұлы.

Сүйінов Нұрсейіт Жомартұлы – барлау және өндіру бағытына жетекшілік ететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Сүйінов Н. 1978 жылы 26 тамызда дүниеге келген. 2001 жылы Ш.Есенова атындағы Ақтау мемлекеттік университетін Мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылы мұнай-газ бизнесін басқару саласында магистр дәрежесін алды. 2013 жылы Іскерлік әкімшілендіру саласында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Сүйінов Н. өз қызметін 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да  бастады, оператор, шебер, жетекші инженер, технолог, мұнай және газ өндіру бөлімі бастығының орынбасары және бастығы болып жұмыс істеді;

2010-2015 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-да жетекші инженер, мұнай өндіру департаменті директорының орынбасары және директоры болып жұмыс істеді;

2015 жылдан 2016 жылға дейін «Круз» ЖШС директоры болып жұмыс істеді;

2016 – 2018 жылдары «Өзенмұнайсервис» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды;

2018 – 2019 жылдары «Орал Ойл энд Газ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді;

2019 жылдан 2023 жылға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қаңтарына дейін «Қаражанбасмұнай»АҚ Бас директоры.

Қазіргі уақытта, 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Жетекшілік ететін бөлімшелер: Мұнай және газ өндіру департаменті, Геология және барлау департаменті, мұнай сервисі жобалары департаменті.

Бөлісу бағытындағы: