Share

ҚМГИ Атыраулық филиалының қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

ҚМГИ Атыраулық филиалының қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

  • 10.01.2023
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ Атыраулық филиалының қызметкерлеріне сертификаттар табысталды

2022 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында топ құрамында Атыраулық филиалдың  әріптестері «Мемлекеттік тілді оқыту» В1 (орта деңгей) курсы аясында оқудан өтті. Оқуды Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Білім беру курсы Атыраулық филиалдың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген Іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасында Тіл саясаты бағдарламасын іске асыруға сәйкес өткізілді.

Курс түлектері тестілеуден өтіп, оларға тиісті сертификаттар табысталды.  Оқуда ерекше көзге түскен қызметкерлерді «Тіл» Орталығының өкілдері грамоталармен атап өтіп, Филиал ұжымына Алғыс хат жолдады.

Бөлісу бағытындағы: