Share

«КМГ Инжиниринг» ЖШС «Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар орталығы жүйесі» интернет порталы пайдалануға берілді

«КМГ Инжиниринг» ЖШС «Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар орталығы жүйесі» интернет порталы пайдалануға берілді

  • 13.01.2023
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on «КМГ Инжиниринг» ЖШС «Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар орталығы жүйесі» интернет порталы пайдалануға берілді

ТӨС (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар), жаңа техника, технология, материалдар мен жабдықтарды бір терезе қағидаты бойынша цифрлық форматта өткізуге өтінімдерді https://opicenter.kmge.kz/ мекенжайы бойынша қабылдау ұсынылған технологиялық шешімдер бойынша материалдарды шоғырландыруға, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өндіру активтерінде инновациялық өнімді енгізу процесін жеделдетуге, және де ақпаратты бірыңғай дерекқорда сақтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында іске қосылған ресми веб-ресурс, ең алдымен, жаңа техника мен технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын (ТӨС) жүргізу үшін әлеуетті жеткізушілердің өтініштерін қабылдауға, өңдеуге және бақылауға, және де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіруші активтерінде ТӨС ұйымдастыруға, қолдауға және жүргізуге арналған.

Интернет порталды әзірлеушілер ҚМГ Инжиниринг сарапшылары атап өткендей, жаңа алаңның қызмет принципі мен функционалы процестің барлық мүдделі тараптары арасындағы тиімді коммуникация арнасына айналады және пайдаланушыларға/өтініш берушілерге қызметтердің кең спектрін көрсету бойынша ҚР бірқатар мемлекеттік органдарының қолданыстағы интернет-алаңдарына ұқсас әзірленген.

– Интернет-портал жүйесі жұмысының әзірленген алгоритмінің арқасында енді жергілікті және шетелдік жеткізушілерден ТӨС жүргізуге келіп түскен өтінімдерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мүмкін болады, жүргізілген ТӨС нәтижелері бойынша технологиялық және экономикалық әсер ҚМГ жер қойнауын пайдаланушыларының мұнай мен газ өндірісін және өзге де өндірістік процестерін жақсарту үшін есептеулер мен статистиканы жасауға мүмкіндік береді. Интернет-портал ресурстарын пайдалану есебінен мұнай және газ өндіру саласында ұсынылған және инновациялық технологияларды енгізу мүмкін болады, – дейді ҚМГИ инжинирингтік сүйемелдеу Департаментінің технологиялық процестерін талдамалық зерттеу Қызметінің жетекші инженері Айдос Айтпембетов.

Жүйенің қолжетімділігі ҚМГ ЕТҰ-да ұсынылатын инновациялық өнімді пайдаланудың орындылығы туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін жүйеде клиенттерді тіркеу басталған сәттен бастап ТӨС өтінімдерін қабылдау және қолдау процессін барынша объективті жүзеге асыруға, жүргізілетін ТӨС бақылау, есепке алу және мониторингтеу процесін бақылауға мүмкіндік беретінін қоса айту маңызды.

Бұдан басқа, қолданыстағы жүйенің алгоритмі өтініш берушіге, ҚМГИ және ҚМГ ЕТҰ орындаушыларға онлайн-режимде ТӨС өтінімді өңдеудің әрбір өткен кезеңін қадағалауға мүмкіндік береді. Барлық операциялар ҚМГИ филиалдарын, ЕТҰ және ЖЭС, ЕТҰ ҒТК және ҚМГ ҒТК сарапшылары ұсынған алқалы органдарды тарта отырып, тек цифрлық форматта жүргізіледі.

Осылайша, ҚМГ Инжиниринг ҚМГ бизнесті корпоративтік жүргізуді трансформациялау Стратегиясын іске асыруға белсенді қатысады және ҚМГ мен ЕТҰ арасындағы өзара әрекеттің бизнес-процестерін оңтайландыруға және үйлестіруге елеулі үлес қосады.

Бөлісу бағытындағы: