Share

Марданов Алтынбек Сүлейменұлы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалын басқарды

Марданов Алтынбек Сүлейменұлы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалын басқарды

  • 20.12.2023
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on Марданов Алтынбек Сүлейменұлы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалын басқарды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Атыраулық филиал ұжымының қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыстаудың салтанатты рәсімі аясында Филиал басшысын тағайындау туралы белгілі болды.

Ресми іс-шара ҚМГ Инжиниринг Бас директоры Р.Н. Өтеевтің қатысуымен өтті, ол қызметкерлерді мемлекеттік мерекемен құттықтап, одан әрі жемісті қызмет пен Филиалда табысты көрсеткіштерге қол жеткізуді тілей отырып, сондай-ақ ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесі төрағасының шешімімен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалының директоры лауазымына «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалы директорының геология және әзірлеу жөніндегі бұрынғы бірінші орынбасары Марданов Алтынбек Сүлейменұлы сайланды.

Алтынбек Сүлейменұлы – Атырау Мұнай және газ институтының «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша түлегі. Және де, Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау Университетінің экономика факультетінің магистратурасын, «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыты бойынша Қазақстандық ақпараттық технологиялар және басқару институтын, 2018 жылы City Business School, MBA «Іскерлік әкімшілендіру магистрін» бітірген.

Алтынбек Марданов ресми тағайындалғанға дейін ағымдағы жылдың қараша айынан бастап Филиал директорының міндетін атқарды, ал 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Атыраулық филиал басшысының геология және игеру жөніндегі бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Атыраулық филиалдың құрылымында әртүрлі позицияларда 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС жобалау және игеруді талдау бөлімінің 2-санатты технигі ретінде бастаған.

40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. 2021 жылы 35 жасқа дейінгі мұнай өнеркәсібінің үздік 30 жас көшбасшысының және Petrocouncil нұсқасы бойынша 2020 жылы 35 жасқа дейінгі мұнай өнеркәсібінің үздік 50 жас көшбасшысының қатарына кірді. Мұнай өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін 2020-2021 жылдары Энергетика министрлігінен медаль алды, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, NCOC, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, Атырау қалалық әкімдігінен және Атырау Мұнай және газ институтынан және т.б. алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Әр жылдары ҚМГИ зияткерлік клубы кеңесінің төрағасы, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС жас мамандар кеңесінің төрағасы болып сайланды, «Сафи Өтебаева атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» ҰАҚ индустриялық комитетінің мүшесі.

Бөлісу бағытындағы: