Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ЕТҰ-дағы әріптестерін оқытуды жалғастыруда

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ЕТҰ-дағы әріптестерін оқытуды жалғастыруда

  • 16.01.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ЕТҰ-дағы әріптестерін оқытуды жалғастыруда

ABAI АЖ «ТСЖ іріктеу» модулінің авторлары модульді әзірлеу және тираждауаясында және оны тестілеу және енгізу сатысында ауқымды пайдалану мақсатында ҚМГ ЕТҰ негізгі және соңғы пайдаланушыларын оқытады.  

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері үшін оқыту бірнеше кезеңде – ЕТҰ пайдаланушыларының жұмыс орындарында және ҚМГИ бас кеңсесінде өткізілді.

Мәселен, «ТСЖ іріктеу» модулін өнеркәсіптік пайдалану аяғында ағымдағы жылдың 9-12 қаңтар аралығында ММГ және КБМ соңғы пайдаланушылары үшін теориялық және практикалық бөлім бойынша қосымша оқыту жүргізілді.

Оның шеңберінде пайдаланушыларға модульдің функционалдығы көрсетілді, жұмыстың негізгі алгоритмдерімен танысуға және тереңдік-сорғы жабдықтарын іріктеу дағдыларын сынауға мүмкіндік берілді.

Оқыту қорытындысы бойынша барлық пайдаланушыларға ABAI АЖ «ТСЖ іріктеу» модулінің функционалы бойынша курсты аяқтағанын куәландыратын сертификаттар табысталды.

Бөлісу бағытындағы: