Share

Автоматтандырылған қондырғылар су тасқынымен күресуге көмектеседі

Автоматтандырылған қондырғылар су тасқынымен күресуге көмектеседі

Елдегі жаппай су тасқынына байланысты соңғы оқиғаларды ескере отырып, ҚМГ Инжиниринг ҚПО қолдау қызметінің сарапшысы, ғалым, химия ғылымдарының кандидаты, өнертапқыш Ерлан Сүлейменнің полимер қаптама мен толтырушыдан тұратын бөгеттер, қоршаулар салудың жеделдетілген тәсілі тақырыбындағы жұмысы қазіргі таңда өте маңызды болып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда су элементіне кедергілер жасау үшін қапшықтарды топырақпен қолмен толтыру қолданылатыны жасырын емес, бұл әдістің бірқатар кемшіліктері бар.

– Әдіс – бұл полимерден арнайы пішінді үрлеп және мақсатына байланысты оны шламмен, топырақпен немесе бетонмен автоматты түрде толтыру. Осылайша алынған блоктар мақсатына қарай бекіткіштермен және/немесе желіммен және/немесе «жабысқышпен» біріктіріледі. Әлбетте, бұл блоктар судан қорғалған және оған қатысты айтарлықтай тығыздыққа ие болуы мүмкін, – деп өнертапқыш сенімді.

Осындай бір қондырғы бір орташа елді мекенде қажетті блоктарды қамтамасыз ете алады деп болжанады.

Айтпақшы, бұл патент 2012 жылы қорғалған, бірақ әлі күнге дейін практика жүзінде іске асырылған жоқ.

– Барлық мүдделі тараптарды осы әзірлемені енгізуге шақырамыз!

Анықтама

Біздің ғалым 2006-2008, 2008-2010, 2010-2012 ж.ж. дарынды жас ғалым ретінде стипендия иегері, халықаралық ДААД Қорының (2008), UNIDO-ICS (2009), Erasmus Mundos (2009), Мацумае (2008), USAID (2011), Болашақ (2012), жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегері-2015, Springer Nature баспасының «Awards Орталық Азия елдерінен ең көп жарияланатын авторлар мен ұйымдардың» сыйлығының «Биология ғылымдары және биомедицина» номинациясы бойынша иегері (2017), Қытай Ғылым Академиясының гранты, PIFI гранты (2018), жыл мұғалімі (2018), Мемлекеттік ғылыми стипендия стипендиаты (2019), Шебер мұғалім санатының иегері (2019), БҰҰ гранты (2024). Индекс Хирша 18 (Scopus), 350 ғылыми басылымдар мен кітаптардың авторы. Сүлеймен Жусанин және Жусан-кумарин атауларын берген Sars-Cov-2 вирусына қарсы қасиеттері бар алтай жусан түрлерінің жаңа заттарын ашушы, және де Кузиния тұқымдас өсімдігін ашушы – каучуктың перспективалы қазақи көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол алғаш рет ТМД елдерінде Менделеевтің 4D периодтық кестесін құрды.

Бөлісу бағытындағы: