Share

ҚМГ Инжиниринг «Кенбай» кен орнының «Шығыс Молдабек» учаскесіндегі тұтқырлығы жоғары мұнайдың бор кеніштерін игеру мәселелерін талқылау бойынша халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысы басталды 

ҚМГ Инжиниринг «Кенбай» кен орнының «Шығыс Молдабек» учаскесіндегі тұтқырлығы жоғары мұнайдың бор кеніштерін игеру мәселелерін талқылау бойынша халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысы басталды 

  • 24.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг «Кенбай» кен орнының «Шығыс Молдабек» учаскесіндегі тұтқырлығы жоғары мұнайдың бор кеніштерін игеру мәселелерін талқылау бойынша халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысы басталды 

Қатысушылар арасында – Қазақстанда және шетелде тұтқырлығы жоғары мұнай кеніштерін игеру мен пайдаланудың өзекті мәселелерімен айналысатын ҒЗИ, ЖОО, кәсіпорындар, ғалымдар мен кәсіпкерлер өкілдері бар.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты тұтқырлығы жоғары мұнай өндірудің тиімді технологияларын іздестіру, «Кенбай» кен орнының «Шығыс Молдабек» учаскесі жағдайында технологиялардың қолданылуын бағалау болып табылады.

– Біз бүгінгі талқылауда жоспарлап отырған негізгі мәселелер – бұл геологиялық құрылым, учаскенің бор кеніштерін игерудің қазіргі жағдайы мен проблемалары және тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарын игеру мен пайдаланудың термиялық, химиялық және басқа әдістерін қолдану тәжірибесі. Ал қатысушылардың тұжырымдаған барлық ұсыныстарын біз тікелей қызметімізге енгізетін боламыз, – деп кездесуді ұйымдастырушылар атап өтті.

«Кенбай» кен орнының «Шығыс Молдабек» учаскесінің өнімді қабаттардың күрделі геологиялық-физикалық құрылымы, газ-мұнай және су-мұнай аймақтарының болуы, цементтелген коллектордың нашар болуы, қабат жағдайларда бастапқы төмен қабат қысымы және мұнайдың жоғары тұтқырлығы, өте көп құмды болуын атап өту қажет. – Мұның бәрі мұнайды іріктеудің төмен қарқынына және жер қойнауынан мұнай шығарудың төмен деңгейіне әсер етеді. Бүкіл кен орнының мұнай қорының көп бөлігі шоғырланған бор ұңғымаларын пайдалану нәтижелері дәстүрлі әсер ету әдістерінің төмен тиімділігін көрсетеді. Осыған байланысты, осы нысандарды игеру тиімділігін арттыру саласындағы шешім – жаңа қағидатты негізде технологияларды қолдануда және біз оны бүгінгі кездесуіміз аясында жан-жақты талқылауды жоспарлап отырмыз. Ұлттық инжинирингтік компания ретінде біз үшін әрбір қатысушының пікірі өте маңызды, – деп ҚМГ Инжиниринг бас директоры Бақытжан Хасанов өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

Бөлісу бағытындағы: