Share

ҚМГ Инжиниринг «Жас Өркен» тәлімгерлеріне құрмет көрсетті

ҚМГ Инжиниринг «Жас Өркен» тәлімгерлеріне құрмет көрсетті

  • 24.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг «Жас Өркен» тәлімгерлеріне құрмет көрсетті

ҚМГИ тәлімгерлері компания басшылығы атынан «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің Алғыс хаттарымен, «Жас Өркен» төсбелгілерімен және «Жас Өркен» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ҚазМұнайГаздың Құрмет грамоталарымен кезекті рет марапатталды.

– Компания басшылығы тәлімгерлердің кәсіпқойлығы, жас қызметкерлер үшін тәлімгер рөліндегі жұмыс сапасы, олардың ортақ істі дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ерекше назар аударады, және де талантты жастарды дамытуға, жас мамандарды қолдау Бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан білімдері мен күш-жігері үшін алғыс білдіреді, – деп Корпоративтік Университет өкілдері атап өтті.

Ағымдағы жылдың 20 мамырында «Жас Өркен 2020» жас мамандары Бағдарламаны сәтті аяқтады.


Бас директор Б.Хасанов марапаттарды табыстай отырып, әріптестерін жоғары бағалауымен құттықтап, олардың мұнайшылардың жас буынымен өзара әрекеттесе жүргізіп жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Марапатталғандар арасында:

  • Идрисова Эльмира – ҚМГ Инжиниринг «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының экология департаментінің директоры;
  • Бекбау Бақберген – ҚМГ Инжиниринг Интегралданған модельдеу департаменті Модельдеу қызметінің жетекші ғылыми қызметкері;
  • Аманов Азамат – ҚМГ Инжиниринг корпоративтік шешімдер секторының басшысы.

Бөлісу бағытындағы: