Share

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының еңбек ұжымдары арасындағы спартакиаданың іріктеу кезеңінің нәтижелері

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының еңбек ұжымдары арасындағы спартакиаданың іріктеу кезеңінің нәтижелері

  • 28.06.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының еңбек ұжымдары арасындағы спартакиаданың іріктеу кезеңінің нәтижелері

7-ші топ спартакиадасының іріктеу кезеңіне келесі ЕТҰ кірді – «ҚМГ» ҰК АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «KMG Drilling&Services» ЖШС, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС және «ҚМГ-Қарашығанақ» ЖШС.

ҚМГ Инжиниринг құрама командасы командалық және жеке есепте барлық спорттық дисциплиналар бойынша үздік көрсеткіштерді көрсетті.

Әйелдер арасындағы шахмат турнирінде екінші орынды ҚМГИ «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиалының Сметалық есептер және авторлық қадағалауды сүйемелдеу қызметінің басшысы Светлана Маринцева, ерлер арасындағы біздің команданың өкілі Жобаларды бағалау департаментінің игеру жөніндегі сарапшысы Ринат Каскеев иеленді.

Үстел теннисінде – күмісті ҚМГИ «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиалының Ақпараттық қамтамасыз ету қызметінің инженері Еремян Айнұр жеңіп алды, қола жүлде Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы қызметінің сарапшысы Төлеген Жолмағамбетовке тиесілі.

Жеңіл атлетика жарысында 4 және 7 орынды ҚМГ Инжиниринг командасының өкілдері – «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының Сәулет-құрылыс шешімдері қызметінің аға инженері Тілепова Раушан және Өнімді жинау, тасымалдау және дайындау жүйесі қызметінің инженері Аверьянова Юлия иеленді.

КМГИ «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиалының геофизика және петрофизика қызметінің инженері Бердиев Эльдар ерлер арасындағы жеңіл атлетикада бесінші болды.

«Тоғыз құмалақ» қазақ ұлттық ойынында – «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиалының Геофизика және петрофизика қызметінің аға инженері Эльмира Болат және МУН бөлімінің ғылыми қызметкері Жаппасбаев Біржан күміс жүлдегерлер атанды.

Су спорты (жүзу) бойынша – Модельдеу қызметінің сарапшысы және Өтелбаев Есет, Ресурстық базаны дамыту департаментінің жетекші инженері Похилюк Марина

Өңірлік геология қызметі екінші орынға ие болды.

Волейболда ҚМГ Инжиниринг ерлер мен әйелдер командасы жалпыкомандалық есепте екінші болды. Ең үздік шабуылшы болып ҚМГИ Атыраулық филиалының Өнімді жинау, тасымалдау және дайындау жүйесі қызметінің инженері Ақмарал Тасқынбаева танылды, «Көрермендер көзайымы» жүлдесі «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиалының Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы қызметінің сарапшысы Жанат Қанбаеваға бұйырды.

Волейболшылар ерлер арасында үздік шабуылшы ретінде – Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру қызметінің сарапшысы Хасанов Маркс танылды.

Ең үздік шабуылшы баскетболшы болып Элементтік сметалық нормалау қызметінің жетекші инженері Исин Қайрат танылды.

ҚМГ Инжиниринг футбол командасы жалпыкомандалық есепте екінші болды, ал «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиалының Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасының аға инженері Кувандыков Азамат «Үздік бомбардир» атағына ие болды.

Бөлісу бағытындағы: