Share

ҚМГ Инжиниринг Атырау Мұнай және газ университетімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

ҚМГ Инжиниринг Атырау Мұнай және газ университетімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

  • 08.06.2023
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг Атырау Мұнай және газ университетімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Кеше мұнай астанасында ҚМГ, ҚМГИ және ЖОО басшылығының қатысуымен серіктестер арасында жемісті кездесу өтті.

Факт – бүгінгі таңда ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалы қызметкерлерінің 30% – дан астамы Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің түлектері болып табылады.

Біздің компания 2020 жылдан бастап білім беру, оқыту әдістемесін жақсарту және ғылыми қолдау саласында ЖОО-мен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруда.

Бүгінгі таңда ҚМГ Инжиниринг қабырғасында жыл сайын 50-ге жуық студент (магистрант) кәсіби практикадан өтеді, дипломдық жобаны сүйемелдеу жүргізіледі, ҚМГИ қызметкерлері көшпелі дәрістерге қатысады, ғылыми-зерттеу сапарларын ұйымдастырады.

Жас мамандарды дамыту және қолдау аячында ҚМГ School/дуальды оқыту бағдарламасы сәтті енгізілуде. Қазір оған 2023 жылдың 9 түлегі қатысады.

– ҚМГИ қызметкерлердің біліктілігін арттыруға мүдделі, қазіргі уақытта 11 қызметкер университетте Мастер және PhD бағдарламасы бойынша оқиды. Және де, университеттермен жұмыс істеудің ерекше бағдарламаларының бірі KMGE School білім беру жобасы болып табылады – бұл 2021 жылы аяқталған алғашқы сәтті бағдарлама, онда 25 студент (Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) ҚМГИ оқыды және жұмысқа орналасты, – деп ҚМГ Инжиниринг бас директоры Мәлік Сәлімгереев баяндады.

Ол бағдарламаның өзі университет студенттерін 3 курстан бастап оқытуды, оның ішінде ҚМГ Инжиниринг тарапынан қосымша пәндер мен оқытуды қамтитынын атап өтті.

2021-22 жылдары ҚМГИ мен АМжГУ арасындағы дуальды оқыту бойынша келісімшарт негізінде студенттерді оқытудың екінші ағыны іске қосылды, онда геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бағыттары бойынша 3-курстың 9 студенті оқып жатыр. Курсты ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Және де, Атырау университетінің базасында мұнай-газ саласының өндіріс өрісінің персоналынан индустриялық комитет құрылды. ҚМГ Инжиниринг сарапшылары оның жұмысына белсенді қатысады, білім беру және өндірістік құрылым арасында синергия құра отырып, университет қызметін қолдайды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен ҚМГИ «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті үшін оқу полигонының құрылысы» нысанының ЖСҚ әзірленді. Талапкерлерді оқыту процесін жетілдіру үшін полигонды қалыптастыру, дамыту және іске қосудың түрлі идеялары ұсынылды. Полигон идеясының өзі студенттерге өндірістік персоналдың жұмыс процесін тәжірибеде сезінуге және мұнай саласындағы жұмыс процесіне алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

ҚМГИ басшысы өз сөзінде университетпен студенттермен жұмыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, институт қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және ҒЗТКЖ жобаларын бірлесіп әзірлеуге дайын екенін білдірді.

Бөлісу бағытындағы: