Share

SOCAR ҚМГИ филиалдарында

SOCAR ҚМГИ филиалдарында

15-17 мамырда МұнайгазҒЗЖИ SOCAR әзірбайжандық әріптестер ҚМГ Инжиниринг филиалдарына –ҚазмұнайгазҒЗЖИ Ақтау қаласына және ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалына сапар жасады. Сапар өткен жылғы желтоқсанда өткен бірлескен кеңестің қорытындысы бойынша қол қойылған хаттаманы жүзеге асыру аясында өтті.МұнайгазҒЗЖИ SOCAR делегациясын Қазақстанға сапары аясында директор Фахреддин Исмайлов басқарды. Оны жабдықтар бөлімінің бастығы Қахир Ибадов және Атырау қаласындағы филиал директоры Рамазан Мамедов алып жүрді.Ақтау қаласына сапары барысында ҚМГ Инжиниринг ҚазмұнайгазҒЗЖИ филиалының директоры Бақыт Иманбаев әзірбайжандық әріптестерін әкімшілік корпуспен және Ғылыми зертханалық зерттеулер орталығымен таныстырды. Қонақтарға сондай-ақ мұнай операцияларын онлайн – қолдау және қабаттың гидро-бұзу бойынша қолданыстағы Біліктілік орталықтары таныстырылды.Өз кезегінде, әзірбайжан делегациясының өкілдері МұнайгазҒЗЖИ SOCAR деэмульгатор-депрессатор-ингибиторлар, ұңғыма ішіндегі және кәсіпшілік жабдықтар, коррозиядан қорғау және мониторинг, ұңғымаларды күрделі және жер асты жөндеу, мұнай және газ кен орындарын тікелей іздеу сейсмикасы, жоғары қысымды ауа қабатына айдау, МУН және т.б. жобалар бөлігіндегі жұмыс нәтижелерімен таныстырды.Келесі күні ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының кеңсесінде директор Рахым Өтеевтің басшылығымен хаттама тармақтары аясында одан әрі өзара әрекеттесу мәселелері бойынша әзірбайжан тарапымен екіжақты кеңес өтті. Кеңеске қатысушылар мұнай өндірудің жайластыру, техникасы мен технологиялары жобаларына бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, зертханалық жағдайда әзірбайжан тарапы ҚМГ ҰК кен орындары үшін ұсынған бактерицидтер мен деэмульгаторларды зерттеу бойынша. Сондай-ақ қазақстандық инженерлерді теңіз кен орындарын жайластыруға және теңізде және басқада инженерлік-геологиялық ізденістерге оқыту бойынша өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Қосымша қызметкерлердің докторлық диссертацияларын қорғау процесін жеделдету, мұнай өндірудің жайластыру және техника-технологиялары жобалары бойынша тәжірибе алмасу, ішкі тренерлер сапарлары және тәжірибе алмасу аспектілері қарастырылды. Атырауға сапары барысында Атыраулық филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер Орталығына барып, Атырау Мұнай және газ университетінің басшылығы мен болашағымен танысты. Сондай – ақ, МұнайгазҒЗЖИ SOCAR делегациясы «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС және «Атыраумұнаймаш» өндірістік кәсіпорындарының қуаттарымен танысты.

Бөлісу бағытындағы: