Share

Үздіктерден білім алу

Үздіктерден білім алу

Осы өмірлік ұстанымды «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Ақтау қаласындағы батыс бөлімінің жұмыскері, Тәуелсіздік құрдасы Евгений Маринцев ұстанады

– Бізде, 90-шы жылдары туылғандарда нағыз жастық шақ болды – гаджеттерсіз, комьютерлік ойындарсыз және виртуалды ақиқатсыз, – деп бізбен «ҚМГ Инжинринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» бөлімінің инженерлік сүйемелдеу қызметінің жобалау және орналастыру департаментінің аға инженері Евгений МАРИНЦЕВ бөлісті.

      Маңғыстау облысының жергілікті адамы бола тұрып, Евгений жеткіншек жастан бастап өз өмірін мұнайгаз саласымен және оның энергетика сияқты динамикалық түрде дамып жатқан саласымен байланыстыруды шешті. Өзінің бірінші орташа-мамандандырылған білімін ол «ЭЖАБ (Электр-энергетика жүйелерін автоматты басқару)» мамандығы бойынша алды, ал содан кейін «Мұнайгаз ісі» және «Энергетика» мамандықтары бойынша екі жоғары оқу орындарын аяқтады. Еңбек жолын Евгений 2013 жылы «ҚазҒЗЖИмұнайгазда» бастады, және сол жерде қазіргі уақытқа дейін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС» – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» дамуына өз үлесін қосуды жалғастыруда.

      – «ҚазМұнайгаз» Ұлттық Компания» АҚ және JCCP (Japan Cooperation Center Petroleum) конкурстық іріктеуі нәтижесі бойынша, мен Жапонияда «Электростанцияның жетекші технологиялары» бағдарламасы бойынша білім алдым. Қазір, үлкен жобалы компания мен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» бөлімі арасындағы консорциум аясында мемлекеттік үлкен газоконденсаттық кенорындар үшін жобаларды өндірумен айналысамын. Менің жұмысымдағы ең қызығы – орындалған жобаның соңғы нәтижесін көру. Осыған орай, мен мемлекетке пайдамды тигізетінімді және ҚР мұнайгаз саласының дамуына өз үлесімді қосып жатқанымды түсінемін, – деп Евгений бізбен бөлісті.

      Оның айтуынша, мұнайгаз салассы біздің мемлекеттің экономикасында жетекші рөлге ие. Ешнәрсеге қарамастан, оның жарқын болашағын көреді.

– Менің ойымша, осы салада жоғары біліктілікті мамандар көп болады, себебі, осы салада жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады және ашылады. Мен әрдайым жаңадан бастаған мамандарға көмектесуге және өз тәжірибемен бөлісуге тырысамын, осы салада орнатылған адамдардан тәжірибе мен нұсқаулар алуды жалғастырып жүрмін. Үздіктерден білім алу және уақыт өте келе танылған маман болу, – деп біздің Ақтау қаласындағы әріптесіміз қорытындылады.

Бөлісу бағытындағы: