Share

ҚМГ Инжиниринг SpeechHUB жобасының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды

ҚМГ Инжиниринг SpeechHUB жобасының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды

  • 09.08.2022
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг SpeechHUB жобасының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды

2022 жылдың 5 тамызында SpeechHUB жобасының екінші ағымымен көптен күткен TED Angime іс-шарасы өтті. 2022 жылдың сәуірінде 16 қатысушы іріктеуден өтіп, SpeechHUB бірінші легінің түлегі және TED Angime 2020 жеңімпазы болып табылатын жоба тренері Ибраев Октанмен бірге оқуды бастады.

Қатысушылар 12 апта бойы, жұмыс уақытынан тыс, практикалық сабақтар арқылы көпшілік алдында сәтті өнер көрсетудің техникасы мен әдістерін ЖЕТІЛДІРЕ ОТЫРЫП оқыды. Оқыту бағдарламасы көпшілік алдында сөз сөйлеу, жаттығулар, сторителлинг блогынан және тележүргізуші Талғат Байғожиновтың шеберлік сабағынан тұрды. Оқудың соңғы кезеңі үлкен сахнада алған шешендік дағдыларын көрсету болды.

TED Angime-де 7 финалист маңызды тақырыптар бойынша 7 минуттық сөз сөйледі, содан кейін көрермендер арасында ОНЛАЙН – ДАУЫС БЕРУ өтті. Көрермендер, сөз сөйлеуі көпшілікке көбірек ұнаған спикерді таңдады. Ең көп дауыс жинаған жеңімпаз Өңірлік геология қызметінің инженері Қайрат Мадияр болды. ҚМГ Инжиниринг басшылығы барлық спикерлерге оқуды аяқтау туралы сертификаттар мен KMG Loyalty бағдарламасының серіктесі Samsung компаниясының сыйлықтарын табыс етті. Жеңімпаз бас жүлдес Samsung смартфонына ие болды.

Біз барлық финалистерді жобаның аяқталуымен құттықтаймыз, оларға табыс пен жаңа жеңістер тілейміз, алған білім олардың мансабына және өмірінің басқа да салаларына үлкен пайда әкеледі деп үміттенеміз. Олардың соңына дейін жеткеніне, ынта-жігер мен батылдық көрсеткеніне тек ғана мақтанасың және таңданасың!

Біліктілікті дамыту қызметі атынан жоба тренері Ибраев Октанға жеке уақытында бірнеше ай бойы қатысушыларды оқытқаны, спикерлерді дайындағаны және іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз! Және де, барлық спикерлерге белсенділігі мен өздері үшін жасаған жұмыстары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, Q-Club (Асылбеков Ернұр) және English Club (Ким Алиса) TED Angime жаттығу кезінде қызықты ойын ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз, және де әрине, компанияның КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН нығайтуға елеулі үлес қоса отырып, жобаны қолдаған барлық әріптестерге жеке алғыс білдіреміз.

Бөлісу бағытындағы: