Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері 2022 сутегі энергетикасы бойынша халықаралық конференцияға қатысты

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері 2022 сутегі энергетикасы бойынша халықаралық конференцияға қатысты

  • 13.07.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері 2022 сутегі энергетикасы бойынша халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан алғаш рет өткен іс-шарада таныстырылды. ҚМГ Инжиниринг Сутегі энергетикасы бойынша біліктілік орталығы басшысының м.а., сутегі технологияларын зерттеу зертханасының меңгерушісі Сәуле Жолдаякова «Hydrogen Energy Research and Development in Kazakhstan: Current Status» тақырыбында баяндама жасады.

Компания өкілі ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ҚМГИ базасында жұмыс істейтін Орталық Азиядағы алғашқы Сутегі энергетикасы бойынша біліктілік орталығының қызметі туралы хабардар етті.

Әлемдік сутегі қауымдастығының Қазақстанға сутегінің әлеуетті жеткізушісі ретіндегі қызығушылығын және сутегін біздің ел арқылы тасымалдау мүмкіндігін атап өткен жөн.

– Және де, білім тарату, сутегі энергетикасы бойынша ақпарат алмасу, ғылыми және техникалық қызметтің жаңа бағыттарын дамыту алаңы ретінде Орталыққа әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары назар аударылды, – деді Сәуле Жолдаякова. Осы жылы WHEC2022 Түркияның Стамбул қаласында өтті. Бұл кездейсоқ емес, өйткені ел сутегі энергетикасын дамытудың жаңа тұжырымдамасы туралы жариялауға және сутегі технологияларын енгізудің жол картасын ұсынуға дайындалып жатыр. Конференциялар үшін осы тақырыптар бойынша 620 презентациялар дайындалды.

Бөлісу бағытындағы: