Share

ҚМГ Инжиниринг қайырымдылық акциясын өткізді

ҚМГ Инжиниринг қайырымдылық акциясын өткізді

  • 22.07.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қайырымдылық акциясын өткізді

ҚМГ Инжиниринг Жас мамандар кеңесінің өкілдері қайырымдылық акциясы аясында елорданың жалғыз басты зейнеткерлеріне азық-түлік көмегін көрсетті.

Шілде айында басталған ЖМК акциясына белсенді қатысудың арқасында компания қызметкерлерінің күшімен қарт адамдарға азық-түлік жиынтықтарын сатып алу үшін пайдаланылатын 184 500 теңге көлеміндегі сома жиналды.

– Екі күн бойы біз қарт адамдармен танысу, олардың қандай жағдайда өмір сүретінін, мұқтаждықтарын көру үшін тізіммен мекен-жайларға бардық. Біз барлық қарттарды таба алмадық, кейбіреулері өмірден өткен, кейбіреулері ауруханада, біздің көмегімізге мұқтаж емес адамдар да болды. Нәтижесінде, біз қарт ерлі – зайыпты – Досмағанбетов Орынбай ата, Асылзада апа тұратын Үркер (Ильинка) ауылына бардық. Балалары оларды тастап кеткен. Екеуі де аурады екен, әже төсек тартып жатыр, ол жақында инсультпен ауырған. Олардың барлық қаражаты дәрі-дәрмектерге жұмсалады, сондықтан олар мешіттен көмек сұрады, сол жерде бізге олардың байланыс деректерін берді. Қарт адамдар біздің келгенімізге және біз жинаған азық-түлік себетіне ризашылықтарын білдірді, – деді ҚМГ Жас мамандар кеңесінің мүшесі Алиса Ким.

25 148 теңге сомасына жиналған азық-түлік жиынтығының құрамы: Жарма, тұз, тартылған ет, сары май, ірімшік, өсімдік майы, нан-тоқаш өнімдері, шай, тәттілер, ұн, гигиена құралдары. Қалған қаражат тұрақты негізде өткізу жоспарланып отырған қайырымдылықтың келесі акциялары үшін ЖМК Қорында сақталатын болады.

Бөлісу бағытындағы: