Share

ҚМГ Инжиниринг халықаралық симпозиумда таныстырылды

ҚМГ Инжиниринг халықаралық симпозиумда таныстырылды

  • 31.01.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг халықаралық симпозиумда таныстырылды

Ағымдағы жылдың қаңтарында Токиода Жапонияның мұнай және тұрақты энергетика саласындағы ынтымақтастық орталығы (Japan cooperation Center for Petroleum and Sustainable Energy/ JCCP) ұйымдастырған 41-ші Халықаралық симпозиум өтті.

Іс-шараға спикер ретінде Баламалы энергетика департаменті директорының м.а., Сутегі технологиялары зертханасының меңгерушісі Сәуле Жолдаякова қатысты. ҚМГ Инжиниринг өкілі «Көміртегі шығарындыларын басқару технологияларымен болашаққа бағдар» панелі аясында симпозиум қонақтарымен және серіктерімен көміртегі бейтараптығы және сутегі технологиялары саласындағы білімдерімен бөлісті.

JCCP – бұл Жапониядағы ең беделді жыл сайынғы іс-шара, оған пайдалы білім мен пікір алмасу үшін жиналатын мұнай-газ саласының көшбасшылары, өндіруші елдер және тұтынушы елдер қатысады. Бұл жолы біріктіруші тақырып «Жаһандық экономикалық өзгеріс жағдайындағы мұнай-газ саласы үшін стратегия мен бастамалар» болды. Биыл іс-шараға 30 елдің өкілдері қатысты. 1981 жылы құрылғаннан бері JCCP жыл сайын Жапония мен мұнай өндіруші елдер арасындағы мұнайға сұраныс пен ұсынысты тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты нығайту үшін Халықаралық симпозиум өткізеді. Ұйым Қазақстанмен бірге, мұнай өндіруші елдермен белсенді бірге қызмет атқарады және адами ресурстарды дамыту Бағдарламасы мен Технологиялық ынтымақтастық бағдарламасы саласында тұрақты дамуда.

Бөлісу бағытындағы: