Share

ҚМГИ Халықаралық мұнай-газ саммиті аясында «TUMAR»жүйесін таныстырды  

ҚМГИ Халықаралық мұнай-газ саммиті аясында «TUMAR»жүйесін таныстырды  

  • 20.11.2023
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ Халықаралық мұнай-газ саммиті аясында «TUMAR»жүйесін таныстырды  

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС тәртіптік сарапшысы Данияр Нұрсейітов II Халықаралық мұнай-газ саммитінің жұмысына қатысып, «TUMAR» өндірістік қауіпсіздік жөніндегі автоматтандырылған зияткерлік жүйе» бірегей жобасын ұсынды.

Жобаны әзірлеудің басты мақсаты – оқыс оқиғалардың алдын алу және ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу кезінде қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу кезінде қызметкерлерге жағымсыз әсерлерді азайту жөніндегі шараларды арттыру. ҚМГ ҰК АҚ жазатайым оқиғалар мен аварияларға байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Түсіріп-көтеру операциялары адам факторын азайтуды талап ететін қиын басқарылатын процесс. Қолданыстағы заманауи IT-шешімдерге жүргізілген талдау ЖҚҚ анықтау бойынша бағдарламалық шешімдер тек каскаларды анықтайтынын көрсетті. Қауіпті аймақтар жүргізілетін операция түрі мен уақытын ескермей, тек күзет аумағы ретінде анықталады. Әзірленіп жатқан жүйе жүргізіліп жатқан операцияларды ескере отырып, қауіпті аймақтарды таниды, қызметкерлерді ескертеді және барлық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды бақылауды жүргізеді.

– Жобаны іске асыру кезінде қол жеткізуді жоспарлап отырған міндеттер – бұл компьютерлік көру арқылы технологиялық операцияны орындау кезінде қызметкердің қауіпті аймақта болуын анықтау, компьютерлік көру арқылы қызметкерлерде жеке қорғаныс құралдарының болуын анықтау, оқиғаны тіркеуді және өндірістік қауіпсіздік қызметі маманының бақылауын жүргізу, – деді спикер жүйенің жұмысы туралы.

Оның деректері бойынша, «TUMAR» зияткерлік жүйесінің көмегімен ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде бейнекамералар арқылы қауіпті жағдайлардың туындауын тануға, қауіпті жағдайдың туындағаны туралы жарық-шу дабылының көмегімен қызметкерлерді сол жерде хабардар етуге, бейнекамералар арқылы қызметкерлерде жеке қорғаныс құралдарының бар немесе жоқ екенін тануға, оқиғаларды сыни дәрежесі бойынша жіктеуге, оқиғалар туралы негізгі есептерді қалыптастыру.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 2024 жылдың соңына дейін әзірлеушілер өндірістегі жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың санын азайтуды, оның ішінде профилактикалық, алдын алу іс-шараларының арқасында адами факторды барынша азайтуды, өзекті статистикаға ие болуды және одан әрі талдау үшін инциденттерді талдауды, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі тәртібін арттыруды (еңбекті қорғау жөніндегі мәдениетті арттыру, қауіпсіздік шараларды сақтау әдеттерін әзірлеу) жоспарлайды.

Бөлісу бағытындағы: