Share

«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының әріптестері сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын талқылады

«ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының әріптестері сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын талқылады

  • 15.05.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының әріптестері сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын талқылады

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы қатысты.

Филиал қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ Серіктестіктің комплаенс қызметкері әріптестерге осы салада заң бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді.

Кездесу онлайн және офлайн режимінде өтті, оған компанияның 150 қызметкері қатысты. Оларға талқыланған тақырып бойынша туындаған сұрақтарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкіліне жолдап, жан-жақты жауаптар алуға мүмкіндік берілді.

Бөлісу бағытындағы: