Share

Қазақстанның Энергетика министріне ABAI АЖ көрсетілді

Қазақстанның Энергетика министріне ABAI АЖ көрсетілді

  • 06.10.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстанның Энергетика министріне ABAI АЖ көрсетілді

«Мұнай және газ» – KIOGE 2021 халықаралық көрмесінің жұмысы аясында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев «Қазмұнайгаз»компаниясының стендіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Оған озық отандық әзірлеме – ABAI ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Бұл деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз ететін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолданатын толық ауқымды Big Data жобасы. Қазір технологиялық режим, асқынулардың мониторингі, терең сорғы жабдықтарын таңдау, мәліметтер базасы және визуализация орталығы сияқты бес модуль пилоттық сынақтан өтуде. Барлық 16 модульді өндірістік енгізу 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланып отыр, ABAI Қазақстанның табиғи ресурстарының деректерін бағалау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Бөлісу бағытындағы: