Share

Спорт пен еңбек бірге

Спорт пен еңбек бірге

Әр ұжымда сауықты ұйымдастырушы, әр түрлі іс-шаралардың бастамашысы, әріптестерін мәдени немесе спорттық шараларға біріктіруші әріптес табылады. Бұндай адам «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраулық филиалында да бар. Танысыңыздар – Айбек Меңдіғалиев, геология және геологиялық барлау қызметінің аға инженері, компанияның қазіргі футбол командасының жасақталуын бастаған.  – Көптеген компанияларда ұжымның спорттық рухын шыңдайтын өз «тобы» болады. Мен біздің институтта 2014 жылдан бастап жұмыс істеймін және жыл сайын волейбол, мини-футбол, шахмат және спорттың басқа түрлерінен турнирлер ұйымдастыратын едім. Бірақ әрқашанда тұрақты футбол командасын жасақтау арманым басым болды. Міне, осылайша былтыр, біздің Филиал директорының геология және игеру жөніндегі бірінші орынбасары Алтынбек Сулейменович Марданов мырзаның қолдау уәдесімен бұл идеяны жүзеге асырдық,- деп баяндайды Айбек Меңдіғалиев (суртте №17 ойыншы).    «КMGE» атты футбол командасы барлық әуесқойларды №1 ойынға біріктірді және өтінім жарнасы төлемін қамтамасыз еткен жұмыс берушінің қолдауымен III-ші қалалық лига чемпионатына бірден қатысты. Чемпионат кестесін және ойын нәтижелерін mfc_kmge парақшасында қарай аласыздар Instagram: https://instagram.com/mfc_kmge?utm_medium=copy_link. Чемпионат Х. Досмухамедов атындағы университет жанындағы «Жайық» спорт кешенінде өтіп жатыр, кіру тегін.«КMGE» Атыраулық филиал командасына сәттілік тілей отырып, қолдау көрсетейік!

Бөлісу бағытындағы: