Share

Серіктестердің тәжірибесі – тиімді және қауіпсіз жұмыс үшін

Серіктестердің тәжірибесі – тиімді және қауіпсіз жұмыс үшін

  • 14.10.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Серіктестердің тәжірибесі – тиімді және қауіпсіз жұмыс үшін

2022 жылғы 7-12 қазан аралығында Альметьевск қаласында Татнефть компаниясының базасында «Кәсіби шебер» модульдік бағдарламасына қатысушылардың тағылымдамасы өтті. Бұл сапар мұнай және газ өндіру, және де «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларын жөндеу бойынша шеберлерді оқытудың соңғы практикалық бөлігі аясында ұйымдастырылды.

Шеберлер Кадрларды даярлау орталығында «ҚТС жер үсті жетектерін іріктеу», «Ұңғымалардағы жөндеу-оқшаулау жұмыстары», «Ұңғымаларды жөндеусіз ОТЭҚ пайдалану, диагностикалау және жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру», «Қабат сұйықтығын кешенді зерттеу және кен орындарын игеруді басқару», және де «Ұңғымалардың күрделі жөндеуін ұйымдастыру тәсілдері» тақырыптарында теориялық оқытудан өтті.

Сонымен қатар, қатысушылар «Татнефть» ЖАҚ бірқатар өндірістік нысандарына барды, онда ұңғымалардың жерасты, күрделі жөндеу, бір мезгілде-ҚТС/ҚТС типті ұңғымаларды бөлек пайдалану, бу-гравитациялық әдіспен аса тұтқыр мұнай өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Кәсіби шебер» модульдік бағдарламасы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «ЦПК-Татнефть» ЖОМ бірлескен әзірлемесі болып табылады, оның мақсаты шеберлердің тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын практикалық меңгеру болып табылады. 2020-2022 жылдары осы бағдарлама аясында «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Oil Service Company» ЖШС ұңғымаларының күрделі және жерасты жөндеуі, мұнай және газ өндіру жөніндегі 68 шеберлері оқытылды.

Бөлісу бағытындағы: