Share

Кәсіби мерекені ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының ұжымы атап өтті

Кәсіби мерекені ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының ұжымы атап өтті

  • 02.09.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Кәсіби мерекені ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының ұжымы атап өтті

Жақында мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мереке филиалдың Жас мамандар кеңесі мен Әкімшілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау қызметінің күшімен ұйымдастырылды.

Салтанатты шара басшысы Рахым Өтеевтің құттықтау сөзімен басталды.

Сонымен қатар, мереке аясында «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдығына орай ардагерлер мен филиал қызметкерлері медальдармен марапатталды.  Ұжым өкілдері «ҚазМұнайГаз» ҰК», Энергетика министрлігі және Атыраулық филиалының директоры атынан алғыс хаттармен марапатталды. Мерекенің салтанатты бөлігі Зертханалық блоктың қызметкерлері үшін де өткізілді.

Бейресми атмосфера шығармашылық нөмірлермен – ұжымның талантты қызметкерлерінің әндері, билері және де музыкалық аспаптарда ойнауымен жалғасын тапты.

Бөлісу бағытындағы: