Share

Кенорындағы су айдау жүйесі негіздері

Кенорындағы су айдау жүйесі негіздері

  • 12.09.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Кенорындағы су айдау жүйесі негіздері

2022 жылдың қыркүйек айының 9 жұлдызында ҚМГ Инжинирингте зияткерлік клуб қатысушыларымен «Өзен кенорынның су айдау жүйесі негіздері» тақырыбы аясында кезекті кездесу өтті.

Бұл кездесуде «ММГ» АҚ, «ӨМГ» АҚ, «КазГерМунай» БК, ҚМГ Инжиниринг бас кеңсесі және компанияның екі Филиалы, оған қоса «Бас геолог» және «Кенорын игеру инженері» модульдік бағдарламалар бойынша тәлім алып жатқан қызметкерлер қатысты. Барлығы тыңдаушылар саны 50-ге жуық адамды құрады.

Баяндамашы ӨМГ Кенорынды игеру департаменті директорының орынбасары Аманиязов Абзал болды. Ол компанияның кенорындарындағы қабаттың қысымын сақтау жүйесіне сипаттама беріп, осы тақырыптағы өзекті мәселелерімен бөлісіп, оның шешу жолдарын ұсынды.

Өзен кенорны су айдау жүйесінің маңызды кезеңдерін сипаттай отырып, негізгі көрсеткіштерінің жалпы динамикасына шолу жасап, сонымен қатар қазіргі таңда кеңінен қолданылатын негізгі су айдау жүйелері туралы, мәселен 5 және 7 нүктелік, контур ішінде және контурдан тыс жүйелерді атап кетті. Игеріліп жатқан кенорындар аумағы өткізгіштік қасиеттеріне сәйкес, яғни компенсация коэффициентін тиімді анықтау мақсатында игеру аймақтарға бөлінген.

Мәселелердің шешу жолдарын ұсына отырып, ӨМГ өкілі, шешімдердің бірі Альбсеноман жобасын жүзеге асырып, яғни теңіз суынан альбсеноман суына көшу, жоғары қысымды су айдау құбырларын өңдеу мақсатында ингибиторлық қорғауды енгізу, уақытылы бактерицидтік өңдеулер жүргізу, темір құбырларын бірте-бірте композитті, шыны талшық және металлполимерлі құбырларға ауыстыру. Сонымен қатар, процесстерді цифрландыру, атап айтқанда әрбір су айдау скважинасының қабылдау қабілеттілігін тұрақты тіркеу жүйесіне енгізу. Бұрғылаудан қарқынды іске қосу арқылы су айдау қорын ұлғайту болып табылады.

Бөлісу бағытындағы: