Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ҚР пайдалы модельдің патентін алды

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ҚР пайдалы модельдің патентін алды

  • 12.05.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері ҚР пайдалы модельдің патентін алды

Әріптестер – Ткенбаев Сұлтан Мұсаұлы, Сарапшылар тобының тәртіптік сарапшысы, Тәліпбеков Әбілсейіт Дурмаханұлы, Жобаларды қолдау қызметінің сарапшысы және Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы, Жобаларды сараптау қызметінің сарапшысы ҚР пайдалы модель патентінің авторлары болды.

– Біз құрамында хлоры бар реагенттердегі хлорды анықтаудың жаңа әдісін ашу туралы айтып отырмыз. Белгілі болғандай, мұнайдағы хлор құрамы қатаң түрде реттеледі, себебі МӨЗ ректификациялық колонналарға түскен кезде бөлінетін хлор тұз қышқылын түзеді, жабдықты тот басады, катализаторларды уландырады. Хлормен уланған мұнайды пайдаға жаратуға тура келеді, – деп сарапшы Е.Сүлеймен бізбен бөлісті.

Бүгінгі күнге дейін реагенттегі хлорды анықтауға мүмкіндік беретін әдістер табылған жоқ, енді бұл қарапайым әдіс бос орынды толтыруға мүмкіндік береді.

Әріптестердің алдағы жоспарлары – осы әдіс негізінде МЕМСТ құру және оны тіркеу! Өнертапқыштарды пайдалы жаңалық ашумен құттықтаймыз!

Бөлісу бағытындағы: