Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлерінің балалары «Туған елге саяхат» жобасына қатысуда

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлерінің балалары «Туған елге саяхат» жобасына қатысуда

  • 30.06.2025
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлерінің балалары «Туған елге саяхат» жобасына қатысуда

27 маусым күні елордадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Туған елге саяхат» бірегей туристік бағдарламасына қатысушылардың алғашқы тобы жолға шықты.

Биылғы жылы аталған жобаға КМГ Инжиниринг компаниясының 14 қызметкерінің баласы қатысуда, олардың 11-і алғашқы ауысым құрамында. Олардың ішінде:

  • 3 бала — Бас кеңседен,
  • 4 — «ҚазҒЗЖИМұнайГаз» филиалынан,
  • 4 — Атырау филиалынан.

12 мен 16 жас аралығындағы жас саяхатшылар еліміздің басты индустриялық және мәдени орталықтарын – Астана, Екібастұз, Балқаш көлі жағалауы, Алматы және Түркістан қалаларын аралайды.
Балаларға өндірістік нысандарға экскурсиялар, тарихи-мәдени мұралармен танысу, кәсіби бағдар беру курстары мен шығармашылық жобалар ұсынылады.

Жоба қатысушыларын компания қызметкерлері Астанадан салтанатты түрде шығарып салды және оларға жарқын әсерлер, пайдалы білім мен ұмытылмас көңіл-күй тіледі.
«Бұл саяхат балаларды үлкен жетістіктерге шабыттандырып, болашақ мамандық таңдауда алғашқы қадам болсын», — деп КМГИ қызметкерлері өз тілектерін жеткізді.

Бөлісу бағытындағы: