Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Күніне орай марапаттар табысталды

ҚМГ Инжиниринг қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Күніне орай марапаттар табысталды

  • 24.10.2023
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Күніне орай марапаттар табысталды

ҚМГ Инжиниринг Бас кеңсесінде Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

ҚМГ Инжинирингтің бас директоры Мәлік Сәлімгереев компанияның барлық қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, өндірістік міндеттерді шешудегі күш-жігері үшін ұжымға алғысын білдірді.

–  Құрметті әріптестер! Республика Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз үшін 25 қазан – Тәуелсіздігіміздің қалыптасу тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні тәуелсіздік алу жолындағы алғашқы қадам болған Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Адами капиталды дамыту, ұйымшыл ұжымдағы әрбір қызметкердің күш-жігері, құзыреттілік, кәсіби шеберлік және күнделікті адалдық арқасында біз барлығымыз компанияның ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға лайықты үлес қосудамыз. Республика Күні қарсаңында сізге және сіздің барлық жақындарыңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!  Кәсіби қызметтегі жаңа жетістіктер, ҚМГ Инжинирингтің өркендеуі және Қазақстан Республикасының игілігі үшін жобаларды сәтті жүзеге асыру!

Компания басшысы өзінің тілек білдіру сөзінде қызметкерлерге одан әрі жетістіктер мен барлық жоспарларды табысты іске асыруды тіледі.

Бұдан әрі мерекенің салтанатты рәсімі компанияның дамуына үлкен үлес қосқан және жоғары кәсіби жұмыс көрсеткіштеріне қол жеткізген әріптестеріне Алғыс Хат пен Құрмет грамоталарын табыстаумен жалғасты.

Бөлісу бағытындағы: