«ҚМГ Инжиниринг» пен «Eniprogetti» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі
- 06.04.2025
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» пен «Eniprogetti» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі
- D.Arkharova
Сан-Донато-Миланезе қаласында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (ҚМГИ) мен «Eni S.p.A.» компаниясының еншілес кәсіпорны «Eniprogetti S.p.A.» арасында Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры Рахым Өтеев және «Eniprogetti» бас директоры Альберто Манцати қол қойды.
Бұл меморандум бұрын қол жеткізілген келісімдерді жаңартып, нығайта отырып, инженерлік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашады. Тараптар өзара тәжірибе мен ресурстарға сүйене отырып, инновациялық шешімдерді әзірлеу және болашақ зерттеу бастамаларын жүзеге асыру бойынша күш-жігерді біріктіруге ниетті.
Eniprogetti Қазақстанда «Tecninco» ЖШС бірлескен кәсіпорны арқылы жиырма жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Рәсімге қатысқан «Tecninco» бас директоры Армандо Бьянко компанияның «ҚМГ Инжинирингпен» ынтымақтастықта бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.