Share

ҚМГ Инжиниринг және Mitsubishi Heavy Industries ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚМГ Инжиниринг және Mitsubishi Heavy Industries ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

  • 04.10.2023
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг және Mitsubishi Heavy Industries ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жапондық және қазақстандық әріптестер ҚМГИ мақсаттары үшін заманауи MHI технологияларын қолдану мүмкіндіктеріне бірлескен талдау жүргізеді, сондай-ақ сутегі паркін және басқа да салаларды құруда тәжірибе алмасады.

Жақында Mitsubishi Heavy Industries өкілдері (Hiroshi Matsuda аға вице-президенті, ТМД бойынша бас директоры Yasushi Kakitsuka және өңірлік бөлімше бас директорының орынбасары Александр Бисикало) Астанадағы ҚМГИ Бас кеңсесіне барып, кеңеске қатысты.  

Қонақтарды компанияның бас директоры Мәлік Сәлімгереев қарсы алып, ҚМГИ-дің болашағы зор бағыттарының бірі сутегі энергетикасы екенін атап өтті.

– Зерттеу институты ретінде ҚМГИ үшін осы саланың әлемдегі үрдістерін қадағалау және өз әлеуетін арттыру маңызды, – деп ҚМГ Инжиниринг басшысы атап өтті.

Кездесу аясында Hiroshi Matsuda аға вице-президенті сөз сөйледі, ол сутегі энергетикасының даму перспективалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде қонақтарға Баламалы энергетика департаментінің және ҚМГИ сутегі технологияларын зерттеу зертханасының қызметі таныстырылды.

Жалпы, кеңесте қатысушылар ҚМГИ декарбонизациялау құралы ретінде осы саладағы, көк және жасыл сутекті дамытудағы бірлескен жобалардың мүмкіндігін талқылады.

АНЫҚТАМА:

Mitsubishi Heavy Industries Group энергетика, газ-химия өнеркәсібі, энергия тиімділігі және декарбонизация және сутегі экожүйесі технологиялары салаларындағы коммерциялық кәсіпорындар үшін инновациялық, тиімді, стратегиялық және экономикалық бизнес шешімдерін ұсынады.  

Бөлісу бағытындағы: