Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкері халықаралық тағылымдамаға қатысты

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкері халықаралық тағылымдамаға қатысты

Дидар Дәулетбақов ҚМГИ сутегі энергетикасы бойынша компетенция орталығының аға ғылыми қызметкері, JCCP (Japan Cooperation Center, Petroleum) компаниясы ұйымдастыратын халықаралық тағылымдамалар бағдарламасы шеңберінде он күндік оқу курсын аяқтады. Тағылымдаманың тақырыбы: «Көміртекті-бейтарап қоғам құруға бағытталған Жапонияның қызметі мен технологиялары».

Жапония мемлекетіне кіруге шектеулердің жеңілдегеніне қарамастан, JCCP компаниясы қауіпсіздік мақсатында гибридті форматта оқу курсын өткізді: курс қатысушыларының жартысы елге келіп, өнеркәсіптік обьектілерге барып, бірегей жапон мәдениетімен танысты. Қалғандары, соның ішінде Дидар да бар, онлайн-форматта оқытылды.

  • «Мен жобаға қатысушы болып, конкурстық іріктеуге төтеп бере алғаныма өте қуаныштымын, әртүрлі елдерден келген үміткерлер саны көп болды, ал қатысушылар саны қатаң түрде шектелді. Бұл менің JCCP бағдарламасы бойынша екінші оқуым. Алған керемет әсерлерім мен жаңа білімге толы алғашқы сапар 6 жыл бұрын болған болатын. Сол кезде бағдарламаның тақырыбы мұнай өңдеу зауыттарында сенімділік пен жөндеуді ұйымдастыруға байланысты болды» – деп Дидар өз естеліктерімен бөлісті.

Ол бұл жолы оқыту қалай ұйымдастырылғанынан да хабардар етті.

  • «Формат кішкене өзгешелеу болды. Сонымен, дәрістерден кейін қатысушылар тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінді. Мен басқа елдерден келген тыңдаушылардың уақыт айырмашылығын ескере отырып, кешке қоңырауларға қосылуға тура келді. Жапониядағы энергетикалық жағдай, сутегі және басқа да балама технологиялардың даму перспективалары, сондай-ақ көміртегі бейтарап қоғамын құрудың ұлттық стратегиясын жасау кезінде Үкімет басшылыққа алған тәсілдер туралы білу бәрімізге қызықты болды. Бұл өте қызықты әлеуметтік тәжірибе, ол жерде ақпарат беру және идеялармен алмасып, әртүрлі мәдениеттер мен дүниетанымдармен таныса аласыз. Әлбетте, курс барысында алынған барлық білім мен материалдар өте пайдалы, және ол компанияның және елдің игілігі үшін маған және орталықтағы әріптестеріме әлеуетті жобаларды іске асыруға көмек көрсететіні сөзсіз», – деді компанияның жас маманы.

Анықтама үшін:

JCCP (Japan Cooperation Center, Petroleum) – мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 1981 жылы жапондық мұнай және инжинирингтік компаниялар құрған тәуелсіз коммерциялық емес ұйым.

Бөлісу бағытындағы: