«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер
- 08.04.2025
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер
- D.Arkharova
2025 жылғы 13 наурызда өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының отырысында мынадай шешімдер қабылданды:
-Серіктестіктің Басқарма мүшесі Нұғманов Жәнібек Қайырбекұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
-Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы мен Дәулетов Асылжан Бауыржанұлын Серіктестік Басқармасының мүшелері етіп сайлау туралы.
Осылайша, қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқармасының құрамына:
- Өтеев Рахым Нағанғалиулы – Бас директор (Басқарма төрағасы)
- Мустафаев Мұрат Кенесбайұлы – Басқарма мүшесі
- Хайретдинов Ренат Геннадьевич – Басқарма мүшесі
- Дәулетов Асылжан Бауыржанұлы – Басқарма мүшесі
- Иманбаев Бақыт Алтайұлы – Басқарма мүшесі
- Марданов Алтынбек Сүлейменұлы – Басқарма мүшесі
Анықтама:
Басқарма Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы 2023-2024 жылдар аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры лауазымын атқарды. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментін басқарған.
Қызылорда политехникумын және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ді «Тау-кен инженер-геологы» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін ол еңбек жолын «Южнефтегаз» АҚ-да мұнай мен газ өндіру бойынша 2-разрядты оператор ретінде бастады. Одан әрі бригаданың аға операторы, «ХаррикейнҚұмкөлМұнай» АҚ инженерлік қызметінің ұңғымаларды зерттеу бойынша 5-разрядты операторы, далалық геолог, «Қуат Амлон Мұнай» БК бас кеңсесінің геологы, геологиялық қызметтің жетекші геолог-жетекшісі, игеру жөніндегі жетекші инженер, игеру бөлімінің бастығы, бас геолог және «Торғай-Петролеум» АҚ геология және игеру жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
М. Мұстафаевтың еңбек өмірбаянында «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ бас геологы, бас директорының геология жөніндегі кеңесшісі және геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директоры ретінде қызмет кезеңі атап өтілген. 2016-2018 жылдар аралығында ол «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ЖШС-ін басқарды, сондай-ақ «Қазгермұнай» БК ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры лауазымдарын атқарды.
Дәулетов Асылжан Бауыржанұлы – Атырау Мұнай және Газ Институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша, Лондон Империялық колледжінің «Мұнай-газ геоғылымы» мамандығы бойынша түлегі. Мұнай-газ геология ғылымы саласында ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.
Ә.Дәулетов еңбек жолын 2005 жылы ГАЖ, Шлюмберже Лоджелко Инк далалық маманы/аға далалық маманы болып бастады. НКПОК Б.В. ұңғымаларды аяқтау және жөндеу бойынша инженер болып жұмыс істеген. 2011-2013 жылдар аралығында «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-да өндірістік геологы/аға геологы; «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС бас геологы болған. 2018-2023 жылдары аралығында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директорының геологиялық барлау жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.