Share

ҚМГ Инжиниринг БҰҰ Ассамблеясының сессиясында ұсынылды

ҚМГ Инжиниринг БҰҰ Ассамблеясының сессиясында ұсынылды

2024 жылдың 11 наурызы мен 16 наурызы аралығында Ірі жобалар департаментінің сарапшысы Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Ассамблеясының сессиясына Servas International халықаралық ұйымының ұлттық хатшыларының басқа 20 қатысушысымен бірге қатысты. Оның сапарының алдында 150 ел арасында эссе жазуды қамтитын конкурстық іріктеу өтті.

Сүлеймен Еран 2015 жылдан бастап белсенді мүше, ал 2022 жылдан бастап – Қазақстанның Ұлттық хатшысы екенін айта кету керек. 

БҰҰ-да болған кезеңде Е.М. Сүлеймен кедейлікпен күреске және білімге, демографиялық және гендерлік мәселелерге қол жеткізуге қатысты сессияларға белсенді қатысты. Мәселен, ол демография, көпмәдениетті өзара іс-әрекет мәселелері бойынша Сингапур министрінің қатысуымен өткен сессияға қатысты.

Ол Бас Ассамблеяның отырысына да қатыса алды, онда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі.

Нью-Йоркте орналасу Американың Сервас азаматтарының белсенді мүшелерінің есебінен болды, ал жол шығыны да солардың есебінен жабылғандығын айта кету керек.

БҰҰ отырыстарына қатысудан басқа іс шаралар да өткізілді:

  • Нью-Йорк Кітапханасына бару
  • Сервас мүшелерімен кешкі ас
  • Бостандық мүсініне пароммен саяхат
  • Ботаникалық баққа бару
  • Пфайзер компаниясына, өсімдіктерді зерттеу орталығына бару

Бөлісу бағытындағы: