Share

ҚМГ Инжиниринг Бас кеңсесінде нәзік жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады

ҚМГ Инжиниринг Бас кеңсесінде нәзік жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады

  • 07.03.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг Бас кеңсесінде нәзік жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай компанияның орталық аппаратында ҚМГИ бас директоры мен бас директордың орынбасарларының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

Бас директор Рахым Өтеев компания қызметкерлеріне құттықтау сөз сөйледі:

Қымбатты әріптестер! Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бүгінгі таңда біздің компаниямызда 391 нәзік жанды қыз-келіншек жұмыс істейді, бұл барлық қызметкерлердің жалпы санынның шамамен 42% құрайды.

Сіздердің әрқайсысыңыз білікті маман, лайықты басшы, өз ісіңіздің кәсіби шеберісіздер. Бұған біздің ортақ жетістіктеріміз бен ҚМГ Инжинирингтің табысты нәтижелері дәлел бола алады.

Осындай сенімді, білікті мамандармен және жауапты басшылармен бірге біз ең маңызды және ауқымды міндеттерді шеше аламыз.

«ҚМГ Инжиниринг» компаниясының дамуы мен өркендеуіне бағытталған еңбегі, кәсіби шеберлігі, ортақ іске қосқан үлесі үшін сіздерге алғыс айтамын!

Сіздерге зор денсаулық, амандық, мәңгілік әйел бақытын, молшылық және жұмыста табыс тілеймін! Ең сүйікті және қымбатты адамдарыңыз сіздерге қамқорлық пен қолдау көрсетіп жүрулеріне тілектеспін!

Мерекелік іс-шара Бас директордың орынбасарлары атынан жылы лебіздермен және ҚМГИ Құрмет грамоталарын табыстаумен жалғасты.

Бөлісу бағытындағы: