Share

ҚМГИ ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобына ұсынылды

ҚМГИ ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобына ұсынылды

  • 28.03.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобына ұсынылды

Гүлжан Бекмағамбетова – ҚМГИ стратегия, тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Ғылым жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Т.Г. Сериковтің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.

Қазіргі уақытта жұмыс тобы «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобаларын қарауда.

Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бейінді өкілдері, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар және басқа да мүдделі тараптар қатысады.

Заң жобаларын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Бөлісу бағытындағы: