ҚМГИ ЕНДО қызметкерлері Энергетика министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды
- 13.10.2025
- News-Kk
- Коммент өшірілген on ҚМГИ ЕНДО қызметкерлері Энергетика министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды
- D.Arkharova
2025 жылдың 8-10 қазанында «ҚазМұнайГаз» алаңында мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы еңбек нормаларын әзірлеу, келісу және қайта қарауға арналған үш күндік семинар-кеңес өтті. Іс-шараға ҚМГ Инжиниринг қызметкерлері, атап айтқанда, «КазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының Ұйымдастырушылық даму және нормалау орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шараны ҚР Энергетика министрлігі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, KAZENERGY секілді салалық ассоциациялардың қатысуымен ұйымдастырды.
Семинарға Қазақстанның 64-ке жуық мұнай-газ компанияларының өкілдері, сондай-ақ салалық бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдары мен еңбек нормаларын ұйымдастыру орталықтарының өкілдері шақырылды.
Семинар ҚР Энергетика министрінің 2025 жылдың тамызында еңбек нормаларын ұйымдастыруды жетілдіру және мұнай-газ секторында типтік еңбек нормаларын әзірлеу үшін құрылған Жұмыс тобының екінші кездесуіне айналды.
Семинар-оқыту жетекші сала компанияларының белсенді қатысуымен өтті, олардың арасында – «КазТрансОйл» АҚ; «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ бар.
Ұйымдар өкілдері өндірістік объектілерде еңбек нормаларын әзірлеу мен енгізуге қатысты теориялық бөлімді, әдістемелік тәсілдерді және практикалық мысалдарды ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша «КазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының Ұйымдастырушылық даму және нормалау орталығының қызметкерлері ҚР Энергетика министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Марапатты алғандар: элементті сметалық даму басқармасының басшысы – Рахманқұлова Зауреш Нургалиқызы және элементті сметалық даму басқармасының бас сарапшысы – Баева Нұрия Масгутқызы
Талқылау барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өңдеу бағыттарында еңбек нормаларын жетілдіру тәсілдері;
– еңбек шығындарын талдаудың заманауи әдістерін және есепке алудың цифрлық құралдарын қолдану;
– технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістерді ескере отырып, жаңа еңбек нормаларын қайта қарау мен енгізуге арналған жол картасын әзірлеу.
Кәсіпорындар мен нормалау орталығы арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ еңбек процестерінің тиімділігін бағалауда біртұтас салалық тәсіл қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Талқылау қорытындысы бойынша Жұмыс тобы өз қызметін жалғастыратыны, соның ішінде кейінгі отырыстар мен тақырыптық кездесулер өткізуді жоспарлайтыны атап өтілді.
Келесі кезеңдерде мұнай-газ секторындағы шетелдік компаниялардың тәжірибесімен алмасу жоспарлануда, олар халықаралық стандарттау немесе еңбек нормалау бойынша тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ еңбек процестерінің өнімділігін, қауіпсіздігін және сапасын басқарудағы үздік тәжірибелермен таныстырады.
Семинар нәтижелері Қазақстандағы мұнай-газ кешенінде тиімділікті арттыру, адам капиталының дамуын қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын қауіпсіз ету мақсатында жаңартылған еңбек нормалары жүйесін қалыптастырудың негізі болады.
Ақпарат үшін:
Еңбек нормаларын жаңарту жұмыстары ҚР Энергетика министрлігі мен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бастамасы аясында, KAZENERGY мен мұнай-газ секторындағы жетекші компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
«КазмунайгазҒЗЖИ» филиалының Ұйымдастырушылық даму және нормалау орталығы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Жұмыс тобының негізгі қатысушыларының бірі болып табылады және жобаның аналитикалық-әдістемелік бөлігін орындаушылардың бірі.









