Share

ҚМГИ бас директорының ірі және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары дауазымына Олжас Ержанұлы Кәрібаев тағайындалды

ҚМГИ бас директорының ірі және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары дауазымына Олжас Ержанұлы Кәрібаев тағайындалды

  • 05.06.2025
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ бас директорының ірі және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары дауазымына Олжас Ержанұлы Кәрібаев тағайындалды

ҚМГИ бас кеңсесінде бас директордың жаңа орынбасарын ресми таныстыру рәсімі өтті. Әріптесін компания басшысы Рахым Нағанғалиұлы Өтеев және бірінші басшының орынбасарлары құттықтады.

Олжас Ержанұлы Кәрібаев Қазақстан-Британ техникалық университетін 2008 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы Турин политехникалық университетінде мұнай-газ инженериясы магистрі дәрежесін алды.

Олжас Ержанұлы өзінің кәсіби мансабын 2010 жылы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШС компаниясында бастады, онда геология, бұрғылау және игеру департаментінде тағылымдамадан өтті. 2011-2015 жылдары ол Нидерландиядағы NCOC компаниясында, «Total EP Nederland BV» компаниясында, Солтүстік теңіз қайраңында халықаралық іссапарда болды. Оның міндеттеріне қорларды санау, жаңа жобалардың өнімділігін бағалау, геологиялық және гидродинамикалық модельдерді құру, сондай-ақ компания өкілі ретінде кәсіптік операцияларды сүйемелдеу кірді.

2015 жылдан бастап Олжас Ержанұлы өз жұмысын Атырау қаласындағы NCOC компаниясында жалғастырды, онда Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасына толықтыруларды әзірлеуге және қорғауға, сондай-ақ Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын бірлесіп игеру тұжырымдамасын дайындауға белсенді араласты.

2018-2021 жылдар аралығында «ҚМГ Қашаған Б. В.» ЖШС-нен іссапарға бара отырып, ол NCOC техникалық дирекциясында үйлестіруші, топ басшысы және игеруді жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды. Осы кезеңде ол Қашаған кен орнын кеңейту тұжырымдамаларын пысықтауға жетекшілік етті (Bundle-1, 24-кезең және 2б-кезең жобаларының шеңберінде) және Қашаған кен орнын игеру жобасын дайындауға және қорғауға қатысты.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы тамызға дейін Олжас Ержанұлы негізгі өндірістік көрсеткіштердің, экспорттық операциялардың орындалуын және өндірістік дирекцияда жоспарлауды қамтамасыз ете отырып, NCOC-та өндірістік жоспарды іске асыру және қолдау жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.

2022 жылдың тамызынан 2024 жылдың ақпанына дейін ол «GPC Investment» ЖШС («Qazaq Gaz» ҰК АҚ еншілес компаниясы) директорының орынбасары қызметін атқарды, онда жобалау, сатып алу және құрылыс кестелерін жоспарлауға, сондай-ақ Қашаған кен орнында МӨЗ құрылысында жобалық басқару мен сапаны бақылау жүйесін енгізуге басшылық етті.

2024 жылғы ақпаннан бастап, Олжас Ержанұлы «HBP Central Asia» инжинирингтік компаниясында жайластыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды, онда оның басшылығымен инженерлік топ ТЭН мен базалық жобалаудан (FEED) бастап ЕРС (инжиниринг, сатып алу, құрылыс) кезеңіне дейінгі толық инжинирингтік циклды қамтамасыз етті.

О. Е. Кәрібаев жобаларды басқаруда (PMR) сертификатталған маман болып табылады және Президенттік жастар кадрлық резервінде тұр (ПМКР-2021).

Бөлісу бағытындағы: