Share

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлық тағайындау жайлы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлық тағайындау жайлы хабарлайды

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (ҚМГИ) Бас директоры – Басқарма төрағасы болып Рахым Өтеев тағайындалды.
Бұл тағайындауға дейін Р.Өтеев ҚМГИ Атырау филиалының директоры, бас директорының ірі жобалар жөніндегі директоры қызметін атқарып келді.
Рахым Өтеев – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлегі, мамандығы «Мұнай және газ геологиясы», сондай-ақ Нанси университетін (Франция) «Геология және ресурстар» мамандығы бойынша тәмамдады. Ғылым магистрі, геология ғылымдарының PhD докторы дәрежесіне ие.
Әр жылдары Анри Пуанкаре университетінде Минералдық ресурстар және энергетика орталығының (Франция) ғылыми қызметкері, Қазақ мұнай және газ институты жанындағы Ғылыми-зерттеу орталығында консультант, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өндіру және бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директорының геология және ғылыми-техникалық сүйемелдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясында басшылық қызметте болды.

Бөлісу бағытындағы: