Share

Қазақстандық кен орындарында PVT қасиеттерін модельдеу

Қазақстандық кен орындарында PVT қасиеттерін модельдеу

  • 19.09.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстандық кен орындарында PVT қасиеттерін модельдеу

ҚМГ Инжиниринг өкілі «Кен орындарын игеру үдерістеріндегі математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» мәскеу конференциясына қатысты.

ҚМГИ Атыраулық филиалдың Геология және геологиялық барлау қызметінің аға инженері Гаухар Көкімбаева «Кен орындарын игеру үдерістеріндегі математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» ғылыми конференциясы аясында сәтті сөз сөйледі.

ҚМГИ өкілі әріптестері Эльдар Ермеков пен Ринат Досниязовпен бірлесіп дайындалған «Уаз, Шығыс Уаз, Солтүстік Уаз кен орындары мысалында Тайсоған блогы шегіндегі PVT қасиеттерін модельдеу» атты жұмысын қатысушыларға таныстырды.

– Біз бірқатар қазақстандық кен орындарының мысалында композициялық модель көмегімен флюидтердің PVT қасиеттерін модельдеуге арналған бағдарламалық модульді іске асыру және практикалық қолдану тәжірибесін қарастырдық. Еңбекте нақты қабатты газ-мұнай жүйелерінің ерекшеліктері көрсетілген. PVT моделі кен орындары қорларын қайта есептеу, игеру көрсеткіштерін болжауды үлкен дәлдікпен орындауға және мұнай шығаруды арттырудың түрлі әдістерінің техникалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді, – деп спикер жүргізілген зерттеулер туралы бізбен қысқаша бөлісті.

Шақырылған қонақтар ретінде РФ Энергетика министрлігінің ғылыми және технологиялық орталықтарының жетекші мамандары мен басшылары, ресми органдардың өкілдері, тәжірибелі сарапшылар, Ресейдің бірқатар мұнай компанияларының директорлары, Мұнай және газ саласындағы қызметкерлерді даярлау бойынша мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессорлары болған іс-шараны РФ Мәскеу қ-сы «Мұнай шаруашылығы» халықаралық журналы ұйымдастырды.

Г.Көкімбаеваның баяндамасына сарапшылар мен модератор И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ (ҒЗУ) профессоры Н.Н.Михайлов жоғары баға берді, алқалы талқылау қорытындысы бойынша жақын болашақта «Мұнай шаруашылығы» журналында ғылыми жұмысты жариялау туралы шешім қабылданды.

Әріптесімізді керемет презентациямен құттықтаймыз!

Бөлісу бағытындағы: