Share

Халықаралық дөңгелек үстел: Сарапшылар отандық газ саласының болашағын талқылады

Халықаралық дөңгелек үстел: Сарапшылар отандық газ саласының болашағын талқылады

  • 14.04.2025
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on Халықаралық дөңгелек үстел: Сарапшылар отандық газ саласының болашағын талқылады

2025 жылғы 10 сәуірде ҚМГ Инжинирингте газды монетизациялауға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының, ғылыми мекемелердің, университеттердің өкілдері, жабдық өндірушілер, технологиялық компаниялар мен инвесторлар қатысты. ҚМГ бас директоры Рахым Өтеев газ саласының болашағы үшін диалогтың маңыздылығын атап өтіп, іс-шараны ашты.

Қатысушылар табиғи газды монетизациялау стратегияларын, шағын және шалғай кен орындарын игеруді, ішкі нарықты дамытуды және қосылған құны жоғары газ-химия өнімдерін өндіруді қоса алғанда, көптеген мәселелерді талқылады. Инвестицияларды тартуға және өткізу нарықтарын талдауға, сондай-ақ газды аз тоннажды өңдеу перспективаларына және инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Іс-шара шеңберінде сондай-ақ газ өңдеу және газ химиясы саласындағы жаңа бағыттар мен өнім түрлері қарастырылды, бұл қатысушыларға, оның ішінде мұнай-газ саласының ардагерлеріне саланы одан әрі дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасуға мүмкіндік берді. Дөңгелек үстел Қазақстанның газ секторында идеяларды қалыптастыру, шешімдер іздеу және әріптестікті нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Бөлісу бағытындағы: