«Мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаға әсерді төмендетудің инновациялық тәсілдері»
- 03.06.2025
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on «Мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаға әсерді төмендетудің инновациялық тәсілдері»
- D.Arkharova
Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 30 мамырында «Мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаға әсерді төмендетудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі технологиялармен айналысатын шетелдік компаниялар өкілдері қатысты.
Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мәселелерді, соның ішінде ҚР Экологиялық және Су кодекстеріне енген өзгерістер мен толықтыруларды, ластаушы заттар мен төгінділер шығарындыларын азайту жөніндегі озық технологияларды, сондай-ақ қалдықтарды қалпына келтіру және кәдеге жарату мәселелерін талқылады.
ҚМГ корпоративтік және стратегиялық мақсаттарына, компанияның экологиялық саясатына және парниктік газдарды басқаруға ерекше назар аударылды. Еншілес және тәуелді ұйымдардың өкілдері су ресурстарын тиімді басқару және кешенді экологиялық рұқсат алу тәжірибесімен бөлісті.