«Геология» ханымына махаббат туралы

«Геология» ханымына махаббат туралы

Біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздігін тойлау қарсаңында мемлекет басшылығы мен мемлекеттік органдардан бірнеше «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС жұмыскерлері марапатталды. Жоғары марапаттардың бірі – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медалін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінің геология департаментінің директоры Жансая Мұрзағалиева лайықты болды.  

     – Тағдыр маған жастайын геолог болатыныма ерекше белгілер берді. Бұл белгілерді мен ұзаққа дейін түсінбедім, бірақ уақыт өте келе оларды түсіндім және өз мамандығымды қабылдадым. Өз өмірімді геологиямен байланыстарғаныма қуаныштымын, – деп Жансая Сайлауқызы өзінің кәсіби таңдауы туралы айтты.

    Оның оңай емес, бірақ қызық геолог мамандығының жолы 1985 жылы Саратов мұнайгаз техникумының мұнай бөліміне түсуімен басталды, ол техникумды Жансая үздік бағамен бітірді. Сонымен қатар, қызыл дипломмен Чернышевский Н.Г. атындағы Мемлекеттік университеттің Еңбек Қызыл байрағының Саратов орденінің геологиялық факультетін аяқтады.

   Осымен, жас геолог Жансая Мұрзағалиеваның еңбектің өмірбаяны басталды. 28 жылда ол «АРМАКс» АҚ, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Батыс бөлімінде, «ҚазНИГРИ» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» НИПИ АҚ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС жұмыс істеді, ал бүгін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінің тобында ұлттық компаниялар мен халықаралық әріптестер үшін маңызды жобаларды жүзеге асырып жүр.

    Оның еңбек жинағында – жаңа учаскелерде барлау жобалауда, ашық кенорындарды толық барлауда және құрылымдарды геологиялық бағалауда тікелей қатысу. Оның қатысуымен орындалған ғылыми-зерттеу жобалары, есептеулер/қайта есептеулер, қорлардың өсуі бұрыннан ашылған кенорындарда ресурстық базаның артуына және біздің мемлекетіміздің мұнай әлеуетінің артуына алып келді.

  – Жансая Сайлауқызы – заманауи ғылыми әдістерге және жұмыстарды ұйымдастыруда жиынтықты әдіске ие біліктілігі жоғары маман. Проблемалы кенорындарда геологиялық-далалық және геологиялық-геофизикалық деректерді талдау алгоритміне көптеген жаңа әдістемелерді енгізуге көмектесті. Бөлім жетекшісі ретінде, әрдайым әрбір жұмыскердің кәсіби және жеке қасиеттеріне қарап жеке тіл табуды таңдайды. Жастарға тәлімгерлік беруде және өзін өзі дамытуға көп уақыт бөледі, – деп «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінің директорының геологиялы мен өндіру жөніндегі бірінші орынбасары Алтынбек МАРДАНОВ айтты.

    Жансая Сайлауқызының кәсіби білімі мен жетістіктері мемлекеттік деңгейде және кәсіби геологиялық ұжымда абыроймен бағаланды. Ол «ҚР құрметті жерқойнауын баралушы» төс белгісімен, Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған медальмен, ҚР Энергетика министрлігінен, NCOC, Қазақстан мұнайшы-геологтар ұжымынан, KAZENERGY және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

 – Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің мұнайгаз әлеуетін нығайту. Келе жатқан 2022 жылға мен біздің институмыздың жетістіктерін арттыратын мақсаттар мен тапсырмаларды қойдым. Жоғары нәтижелерге жеткізетін негізгі тапсырмалардың бірі – мақсатқа бағытталған, бірыңғай және шығармашылық топты ары қарай нығайту. Желтоқсан айында біздің көмірсутек қорлары туралы есептемелерімізді ҚР ПҚҚМК қорғаған уақытта мен өзім үшін біздің тобымыздың «туылғаны» және оны ары қарай нығайту және дамыту туралы тұжырымдар жасадым. Әркім өз міндеттемелерін және алдына қойған тапсырмаларды түсінетін және қарым-қатынас өзара сенімділікте құрастырылған топ болса, онда тапсырмаларды орындау уақытында 40% сәттілікке қол жеткізкендігін білдіреді. Қалған 60% – ол дұрыс тұжырымдалған тапсырмалар мен тиімді басқару. Бастапқы геологтарға айтатын ақыл – «Геология» ханымын толық жүрекпен сүйіндер, ал ол жауап ретінде сіздермен өз жер қойнауларының қазынасымен бөліседі. Және де ғылыми әдебиетті көбірек оқындар, білім мекемелерінде өткендерді қайталандар және жасы үлкен ұрпақтардан белсенді түрде білім алындар. Білім мен дағдыларды «сорғыш» сияқты сіңіріп алындар, әріптестеріңіздің сәттілігін қызғанбандар және бір-біріне көмек көрсетіндер, – деп Жансая Сайлауқызы өзінің жас әріптестеріне шын жүректен кеңес берді.

Бөлісу бағытындағы: