Share

Балаларды қуанту – зор бақыт!

Балаларды қуанту – зор бақыт!

Ақтау қаласындағы Иманбаев Бақыт Алтайұлы басқаратын «ҚМГ инжиниринг » ЖШС, «ҚазмұнайгазҒЗЖИ»  ұжымы, жыл сайын қайырымдылық шараларын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Жыл сайын бұл бағыттағы жұмыстарға институт қызметкерлері өздері ақша жинап, балалардың өз қалауы бойынша сұраған киімдерін алып беруде.

Мекеме атынан қайырымдылық көмек көрсету мақсатында , Ақтау қаласындағы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесіне ҚазмұнайгазҒЗЖИ директорының экономика жөніндегі орынбасары Төлебай Өміргүл Смағұлқызы, Қызметкерлер өкілі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы  қайырымдылық акциясының аясында мекеме қызметкерлері атынан 1 000.000 теңгеге 28-балаға киімдерін апарып берді. Қазақ халқы ежелден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел. Бүгін осы дәстүрімізді жаңғыртып, балаларға көңіл бөліп,   көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алақанымыздың, жүрегіміздің жылуын бөлісуге тырысқан әріптестерге мың алғыс. Балалар мәз-мейрам, риза болып жатыр.

Бөлісу бағытындағы: