Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамында өзгерістер

2025 жылғы 30 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының  шешімімен (№53 хаттама),  Серіктестіктің жалғыз қатысушысының шешімімен танылған Кәрібаев Олжас Ержанұлы Серіктестіктің Басқарма мүшесі болып сайланды.

         Сондай-ақ өткен отырыс аясында Серіктестіктің Басқарма мүшесі Дәулетов Асылжан Бауыржанұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды;

         Осылайша, қазіргі уақытта «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Басқарма құрамына:

           – Өтеев Рахым Нағанғалиұлы-Бас директор (Басқарма төрағасы);       

           – Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы;

           – Хайретдинов Ренат Геннадьевич;

           – Кәрібаев Олжас Еранұлы;

           – Иманбаев Бақыт Алтайұлы;

           – Мардан Алтынбек Сүлейменұлы сайланды.

           Анықтама:

         Басқарма Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады. Басқарма құрылымы туралы жадынама қоса беріледі.

Кәрібаев Олжас Ержанұлы -Бас директорының ірі және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары.

Кәрібаев Олжас Ержанұлы Қазақстан-Британ техникалық университетін 2008 жылы «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы Турин политехникалық университетінде мұнай-газ инженериясы магистрі дәрежесін алды.

Олжас Ержанұлы кәсіби мансабын 2010 жылы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШС компаниясында бастады, онда геология, бұрғылау және әзірлеу департаментінде жұмыс істеді. 2011-2015 жылдары Нидерландыда, «Total EP Nederland BV» компаниясында, Солтүстік теңіз қайраңында НКОК-тан халықаралық іссапар өтті.

2015 жылдан бастап НКОК-та (Атырау қ.) өз жұмысын жалғастырды, онда Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасына толықтыруларды әзірлеуге және қорғауға, сондай-ақ Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын бірлесіп игеру Тұжырымдамасын дайындауға белсенді қатысты.

2018-2021 жылдар аралығында «ҚМГ Қашаған Б. В.» ЖШС-нен іссапарға жіберіле отырып, НКОК техникалық дирекциясында үйлестіруші, топ басшысы және игеруді жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы тамызға дейін  – НКОК-та өндірістік жоспарды іске асыру және қолдау жөніндегі менеджер.

2022 жылғы тамыздан 2024 жылғы ақпанға дейін – «GPC Investment» ЖШС директорының орынбасары («Qazaq Gaz» ҰК АҚ еншілес компаниясы).
2024 жылдың ақпан айынан бастап – «HBP Central Asia»  инжинирингтік компаниясын жайластыру бөлімінің басшысы.

О. Е.Кәрібаев   Президенттік Жастар кадрлық резервіне енгізілген (ПЖКР-2021) және жобаларды басқаруда (PMR) сертификатталған маман болып табылады.

2025 жылғы маусымда ҚМГИ бас директорының ірі және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу бағытындағы: